«Қонақүйге апарып, әурет жерін ұстатқан»: Павлодарлық футбол бапкері 10 жасар қызды қалай зорлағаны белгілі болды

Аиса Махамбет Редактор
03.09.2024, 16:20
1675
«Қонақүйге апарып, әурет жерін ұстатқан»: Павлодарлық футбол бапкері 10 жасар қызды қалай зорлағаны белгілі болды ашық дереккөзден

Павлодар облысы бойынша балалар омбудсмені жекеменшік футбол мектебінде жаттықтырушы 10 жасар қызды азғындады деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Павлодардағы балалар омбудсмені Сәуле Шәкенова жәбірленушінің анасына хабарласып, баланың хал-жағдайын сұрағанын айтты. Қазір қыз үйде, отбасы барынша оған қолдау білдіріп жатыр дейді. Онымен психолог жұмыс істеп жатыр. 

"Полиция қызметкерлерінің әрекеті құрметке лайық, қыздың анасы риза. Полицейлер жедел әрі сауатты, мүмкіндігінше дұрыс әрекет етті дейді . Мен өз тарапымнан анасына 10 жасар қызының қорықпай, бәрін айтып, сол арқылы бір емес, бірнеше баланы аман алып қалған қылығына таңданысымды білдірдім! Мен үшін бұл – ерлік! Мұндай батырлық кез келген ересек адамның қолынан келе бермейді! Сондай-ақ көпбалалы анаға қызына берген тәрбиесі үшін алғыс айттым. Өйткені ата-ана өздеріне деген сенім деңгейін қалыптастырған, соның арқасында балалар отбасында өзін қауіпсіз сезінеді", – деді Павлодар облысының балалар құқығы жөніндегі уәкілі Сәуле Шәкенова.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, сараптама тікелей жыныстық қатынас болмағанын көрсетті. Бірақ баланың айғақтарына сай, ер адам кәмелетке толмаған қызға тиісіп, өзінің әурет жерлерін қызға сипатқан. Қызды қонақүйге апарып, содан кейін үйіне апарып тастаған.

Футбол бапкері қазір қамауға алынды және ол кәмелетке толмаған балаға қатысты сексуалдық зорлық жасады деген күдікке ілінді. Тергеу барысын облыстық полиция департаментінің басшылығы қадағалап отыр.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды