31 жастағы спортшы жүктілігінің жетінші айында медаль жеңіп, паралимпиада тарихында қалды

Аиса Махамбет Редактор
03.09.2024, 18:59
1059
31 жастағы спортшы жүктілігінің жетінші айында медаль жеңіп, паралимпиада тарихында қалды Getty Images Sport

Тарихтағы олимпиада медалін алған алғашқы жүкті әйел атанды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Британиялық садақшы Джоди Гринхэм Паралимпиада ойындарында медаль жеңіп алған тарихтағы алғашқы жүкті әйел атанды. Бұл туралы Дүниежүзілік садақ ату федерациясының ресми сайты мәлімдеді. 

Спортшы жүктілігінің жетінші айында Париж Паралимпиадасына қатысып, блокты садақ атудан қола жүлде еншіледі. Алтын медальді түркиялық Азнур Куре Гирди иеленсе, күміс жүлде Иран спортшысы Фатемех Хемматиге бұйырды. 

31 жастағы Джоди Гринхэм Паралимпиада ойындарының тұғырына көтерілген алғашқы жүкті әйел атанды. 

"Мен бұл жерге жүкті кезімде қатысып қайту үшін емес, жарысып, медаль жеңіп алу үшін келгенімді көрсетпек болдым. Мен мақсатыма жеттім, сол үшін қуаныштымын. Спорттағы әйелдер әрдайым стигматизация нысаны болып келеді. Олар бала дүниеге әкелген соң, мансабы аяқталады. Бірақ олай болмауы керек. Мен екі жыл бұрын сәбилі болдым, қазір де жүктімін. Мен мансабымды жалғастырып, медаль жеңіп алдым. Қалағаным да осы. Енді мен бірнеше ай демалып, келесі жылы әлем чемпионатына қатысқым келеді. Балам дүниеге келген соң оған Паралимпиада тұғырында болдың деп айтамын", - деді Гринхэм.

Айта кетейік, Париж Паралимпиадасы 8 қыркүйекке дейін болады. Жарысқа 182 мемлекеттен 4400 спортшы қатысып жатыр. Байрақты бәсекеге Қазақстаннан 44 спортшы аттанған болатын. Әзірге ел қоржынында бір күміс жүлде бар.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады