Иранда блогер желіде нүкте жариялағаны үшін 12 жылға сотталды

Аиса Махамбет Редактор
04.09.2024, 11:26
1269
Иранда блогер желіде нүкте жариялағаны үшін 12 жылға сотталды әлеуметтік желі

Иранда блогер Хоссейн Шанбехзаде Twitter-де нүкте жариялағаны үшін 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның бұл постын елдегі режимге қарсы шығу деп тапқан.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, оппозициялық блогер Хоссейн Шанбехзаде Иранның жоғарғы көсемі Әли Хаменеидің постына нүкте қалдырған жауабы үшін кінәлі деп танылды. Оның жауабы аятолла Хаменеидің жазбасынан екі есе көп лүпіл жинады.

Иранда нүкте және басқа да жалғыз таңбаларды оппозиционерлер елдегі режиммен келіспейтінін білдіру үшін жиі қолданады екен.

Тұтқынға алынғаннан кейін Шанбехзаденің Twitter аккаунты жойылды, бірақ оның есімі желіде парсы тіліндегі ең танымал болып саналады. 

Шанбехзадеге "Израильді қолдап үгіт-насихат жүргізгені үшін" бес жыл, "исламдық қасиетті орындарды қорлағаны үшін" 4 жыл, "жалған ақпарат таратқаны үшін" 2 жыл және "мемлекетке қарсы үгіт-насихат жүргізгені үшін" тағы бір жыл берілді.

Шанбехзаде бұған дейін әлеуметтік желіде билікті сынағаны үшін түрмеге жабылды. 2019 жылы оған "мешіттер мен Ислам Республикасының басшысын қорлады" деген айып тағылды.

Адвокаттың айтуынша, сот үгіт-насихат әрекетіне қатысты ешқандай дәлел келтірмеген, айыптау оның жеке хат-хабарларының мазмұны негізінде қозғалған. Қорғаушы тарап үкімге шағымданбақ.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды