Жігіт қалжыңдаймын деп Алматы-Орал бағытындағы ұшақты бір сағатқа кешіктірді (видео)

Аиса Махамбет Редактор
04.09.2024, 15:59
828
Жігіт қалжыңдаймын деп Алматы-Орал бағытындағы ұшақты бір сағатқа кешіктірді (видео) бейнежазбадан алынған кадр

1 қыркүйекте Алматы-Орал бағытындағы рейске мінген жігіт ұшақ ішінде бомба бар деп хабарлаған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, желіде ұшақ ішіндегі жағдай мен жалған ақпарат таратқан жігіт түсірілген видео тарады. Кадрлардан кинолог пен полиция қызметкерлерін байқауға болады. Олар жігіттің жүгін тексеріп жатыр. 

"1 қыркүйек күні Алматы-Орал ұшағында жолаушы жігіт қалжыңдауға бел буып, рейсті бір сағатқа кешіктірді. Айыппұл көлемі қанша?", – деп жазылған видео сипаттамасында. 

Аталған ақпаратқа қатысты Stan.kz тілшісі Алматы қаласы Көліктегі полиция департаментінен пікір сұрап білді. 

"Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес жария етуге жатпайды", – делінген хабарламада. 

Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 273-бабы (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) бойынша дайындалып жатқан терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау үшін 5 мың айлық есептік көрсеткіш (18 миллион 460 мың теңге) мөлшерінде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімде бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатынын еске саламыз. 

Еске салайық, бұған дейін Желіде Air Astana әуе компаниясы ұшағының Fly Arystan-ның қозғалтқыш бөлігін салып алғаны түсірілген видео тараған еді. 

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады