«Памперсті» кез келген дүкеннен сатып алуға болады»: Депутат Ермұрат Бапи комаға түскен сарбаздың жағдайын әлдекім әдейі ушықтырып отырғанын айтты

Аиса Махамбет Редактор
04.09.2024, 17:51
1068
«Памперсті» кез келген дүкеннен сатып алуға болады»: Депутат Ермұрат Бапи комаға түскен сарбаздың жағдайын әлдекім әдейі ушықтырып отырғанын айтты бейнежазбадан алынған кадр

Алматы маңындағы 5571 әскери бөлімінде борышын өтеген Ербаян Мұхтар былтыр желтоқсанында ми жарақатын алып, комаға түскен. Зардап шеккен сарбаздың туыстары мемлекеттен қажетті көмек көрсетілмей жатқанын айтып шағымданды. Алайда мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи бұл жағдайды жасанды түрде әлдекімдер өрбітіп жатқанын айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ермұрат Бапи сарбазға қатысты жанжал жасанды түрде өрбіп жатқанын, әскери немесе медицина өкілдерінің бірі әдейі теріс ақпарат таратуы мүмкін екенін айтады.

Сонымен қатар әскерилер неге Ербаянға жөргек сияқты қажетті күтім құралдарымен қамтамасыз етілмейді деген журналист сұрағына пікір білдірді.

"Жігіттің мұндай жағдайға тап болғанына өте өкінішті. Дегенмен, менің ойымша, әскер немесе медицина өкілдерінің бірі бұл балаға қасақана жасап отырған секілді. Мұндай жағдай болу мүмкін екен. Қазір әлеуметтік желі түрлі қаңқу сөздер толып жатыр. Әйтпесе “памперсті” кез келген дүкеннен сатып алуға болады", – деп жауап берді депутат. 

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ведомство сарбаздың жағдайын қадағалап, көмек көрсетуге дайын екенін, бірақ жөргек беру мәселесі еңбек министрлігі мен әкімдіктердің құзырында екенін айтқан.

Бүгін бұл оқиғаға қатысты депутат Ермұрат Бапи күмәнмен қарайтынын айтты.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды