«Зиратқа апарып екі досты атып өлтірген»: Ақмола облысында оққа ұшқан ММА бапкерінің анасы тергеудің әділ өтуін талап етеді

Аиса Махамбет Редактор
05.09.2024, 13:58
1024
«Зиратқа апарып екі досты атып өлтірген»: Ақмола облысында оққа ұшқан ММА бапкерінің анасы тергеудің әділ өтуін талап етеді жеке мұрағатынан

Ақмола облысы Ақкөлде 11 тамыз түнгі 2-де ММА бапкері Қайырбек Сәбиев пен оның досы Назарбай Тұрлыбекті атып өлтірген. 26 жастағы жігіттің анасы кінәлілер жазадан сытылып кете ме деп қорқады. Себебі оқ атылған тапанша әлі күнге дейін табылмаған. Қайғыға батқан ана Stan.kz тілшісіне оқиғаны толық баяндап берді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, марқұм Қайырбек Сәбиевтің анасы Гүлжан Бүргеғұлова мәселе Тоқаевқа жеткенін қалайды. Тұңғышынан айырылған ананың сөзінше, күдіктілердің жақындары өте беделді адамдар және тергеуге әсер етіп кетуі мүмкін. 

26 жастағы Қайырбек Сәбиев – спортшы, ММА бапкері. 3 жыл бапкерлік мансабында балаларын Қырғызстанға, тағы басқа елдерге жарыстарға апарып жүрген. Артында 24 жастағы келіншегі және 2,5, 1,5 жастағы ұл-қызы қалды.

“Түнде 92 жылғы екі жігіт менің ұлымды және оның екі досын көлікке мінгізіп, қала сыртына алып кеткен. Не үшін, неге тиіскендерін білмеймін, не керек болғанын түсінбедім. Орыс зиратына келіп, далаға шыққанда, оларға тапаншамен оқ жаудырған. Ұлыма, Назарбайға оқ тиген, ал үшінші досы тығылып, қашып үлгерген. Қайырбек ауруханаға жетпей, мерт болды, ал Назарбай бір күн комада жатып жан тапсырды”, – деді марқұмның анасы.

Сорақысы, оқиға орнында күдіктілер ұсталғанымен, тапанша әлі күнге дейін табылмапты. Енді Бүргеғұлова басты дәлелдің жоғалып кеткеніне алаңдаулы. Сөзінше, сол жерде күдікті оқ атқан соң, біреу тапаншаны алып кетіп, жасырып қойған. 

“Қарапайым жігіттерде қайдан қару болады? Қайдан алған? Мысалы, неге менің баламда немесе көрші балаларда мұндай қару жоқ? Демек бұл жігіттердің тіреуі бар, мұндайға еті үйренген. Аталмыш күдіктілер – Каримов, Балғожинді бүкіл ауыл біледі, олардан бәрі қорқады. Тіпті қашып құтылған үшінші жігіттің үйіне күзет қойылды. Неге? Өйткені қастандық жасала ма деген қорқыныш бар. Ал қару табылмай жатыр, тергеуге дейін таппауы да мүмкін. Біреу тапаншаны жасырып отырған сияқты. “Іздеп жатырмыз” дейді, бірақ іздесе, табылуы керек қой. Бәлкім оларға да қысым жасалып отыр деген ой келеді”, – деді ана. 

Тергеу әділ өтпеуі мүмкін деген қорқыныштан ана оқиғаны желіде айта бастады, Тоқаевқа үндеу жолдаған. Алайда үндеуден кейін оны 20 тамызда полиция бөлімшесіне шақырып, желіге ештеңе жарияламауды сұраған. Сөздерінше, тергеуге бөгет болады депті. 

“Мен – жалғызбасты анамын. Екі баламды өзім сүйреп өсіргенде, енді өсіп, аяққа тұрды дегенде бір баламды алып кетті. Қазір екі баласы қайта-қайта әкелерін іздейді. “Әке, әке” деп далаға қарап тұрады. Ал мен оларға не айтамын? Қалай түсіндіремін?”, – деді Гүлжан Бүргеғұлова.

Аталған дерекке қатысты пікір білдірген полиция департаменті әлі тергеу жалғасып жатқанын хабарлады.

“Тергеу Қылмыстық кодекстің 99-бабы “Алдын ала сөз байласу арқылы топпен жасалған екі адамды өлтіру” бойынша жүргізіліп жатыр. Қылмыскерлерге 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Қазір күдіктілер анықталып, ұсталды. Барлық қажет іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды”, – деп мәлімдеді Ақмола облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Данияр Бек.

Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды Астана Орталық Азиядағы бөлшек сауда мен FMCG болашағына арналған стратегиялық диалог алаңына айналмақ Астанада алғаш рет «EXPOGOODS CENTRAL ASIA» Халықаралық Экспо-форумы өтеді Астанада паралимпиадалық спортты қолдайтын алғашқы халықаралық турнир өтуде «Сатыбалды әулетінен көмек сұрады»: Жұмысшыларына үй берген Алагөзовтің экс-әйелі шындықты айтты (ВИДЕО) «Ойдан шығарғанын мойындады»: Асхат Садырбай экс-әйеліне қарсы сотта жеңіске жетті Алматылық қылмыстық топ жаңа туған сәбилерді әлеуметтік желі арқылы саудалап келген Ким Чен Ын соғыста Ресейге қолдау көрсетуге уәде берді «Дін себеп»: Қарағандыда келіншек 15 жасар қызын күштеп күйеуге берген «Қиямет қайым жақындады...»: Австралияда «Ақырзаман» балығы жағаға шығып қалды Ақтауда сапбордпен жүрген жасөспірімді ағыс теңізге алып кеткен Киев Мәскеуге депортацияланған балалардың тізімін тапсырды