«200 шаршы метр пәтерді өзі жөндеді»: Құрбысы марқұм Мәдина Ералиеваның өмірінің соңғы жылдары өткен пәтерін көрсетті

06.09.2024, 11:36
3296
«200 шаршы метр пәтерді өзі жөндеді»: Құрбысы марқұм Мәдина Ералиеваның өмірінің соңғы жылдары өткен пәтерін көрсетті бейнежазбадан алынған кадр

“Қазақтың Ақбаяны” атанған Мәдина Ералиеваның тұрған үйін “Астарлы ақиқат” бағдарламасына құрбысы Гүлзия Байбосынова көрсетті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі 1998 жылы Алматыдағы Самал-2 ықшам ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде тұрған. 

“Осы аулаға келгенде өткен күн еске түседі. Арсен де кішкентай болатын. Екінші қабатта Роза Бағланова тұрды. Тоғызыншы қабатта Мәдина құрбымыз тұрды. 200 шаршы метр үйді өзі жөндеп, талғамына сай безендірген еді. Ол кезде біз де бойдақпыз. Жанында жүреміз. Концерт пен гастрольдерден келген сайын құшағы гүлге толып келетін. Алғаш рет түрлі-түсті теледидарды Мәдина үйіне алған. Үлкен экраны бар теледидардан концерттерін көріп отыратын. Біз қатты таңғалып, мынадай да үлкен экран бола ма деп едік. Қайран, балалық-ай! Оңтүстік Кореядан рояль алып келді. Сол күйі тұр. Бір жері сынып, мұқалмады. Фотосуреттері де ерекше болатын. Қонақ бөлмесіне арналған алты адамдық орындықтарды да шетелден алдырды. Жерде жатқан кілем де сол кезде екінің бірінің үйінен табылмайтын. Одан кейін ыдыс жинайтын сөрені де қатарластарымыздан бірінші болып Мәдина алды. Өте талғампаз болатын. Қазіргі үйлердегі гардероб дегенді осыдан 28 жыл бұрын Мәдина жасап тастаған еді”, – деді құрбысы. 

Сондай-ақ марқұмның ұлы Арсен бүгінде ол үйді жалға беріп отырғанын жасырмады. 

“Анамның заттарын мұрағатқа өткіздік. Қазір ол үйді жалға беріп отырмыз. Анам бұл пәтерде 3-ақ жыл өмір сүрді. 90 жылдарға дейін қатты қиналды. Тұрмыстың қиындығын көрді. Бірақ мойымады. Енді рахат өмір сүреміз деп жатқанда дүние салды”, – деп толқыды Арсен. 

Фото: Бағдарламадан скриншот

Еске салайық, Мәдина Ералиеваның жалғыз ұлы алғаш рет анасының өліміне қатысты құпияны ашқан еді. 

Бектеновсіз өткен сот: Алимов заңсыз өндірілген 8,2 млн теңгені қайтарғысы келмей отыр Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр