Майқайың кенішіндегі автобус апатында қаза тапқан құтқарушының отбасы компаниядан 120 млн теңге өндіріп алды

06.09.2024, 13:59
1250
Майқайың кенішіндегі автобус апатында қаза тапқан құтқарушының отбасы компаниядан 120 млн теңге өндіріп алды бейнежазбадан алынған кадр

Майқайың алтын кешінінде автобус апатында қаза тапқан құтқарушының отбасы компаниядан 120 миллион теңге өндіріп алды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2024 жылдың 4 қаңтар күні Павлодар облысындағы Майқайың кеніші маңында құтқарушылар мінген автобус шұңқырға құлап кеткен еді. 

Шұңқырға құлаған автобустың ішіндегі төрт адам көз жұмды. Оқиғадан кейін құрылған арнайы комиссия оқыс оқиғаға тексеру жүргізіп, нәтижесінде жұмыс беруші "Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметі" ЖШС республикалық орталық штабының 100% кінәлі екені анықтады.

"Қайтыс болған құтқарушы Т-ның анасы, қызы, ұлы және әпкесі қызметтік міндеттерін орындау кезінде қайтыс болуына байланысты моральдық залалды өтеу туралы талап арызбен жүгінді. Моральдық залал ретінде оларға келтірілген моральдық азап, қазаның ауырлығы мен жерлеу кезінде марқұммен қоштасу мүмкін болмауы, жұмыс берушінің көңіл айтып, қолдау көрсетпеуі көрсетілген", – делінген Екібастұз қалалық сотының хабарламасында.

Сот апатқа жұмыс берушінің 100% кінәлі екенін негізге ала отырып, қайтыс болған құтқарушының туыстарының талаптарын толық көлемде қанағаттандырып, туыстарының әрқайсысының пайдасына сұралған 30 млн теңге көлемінде моральдық шығынды өндіру туралы шешім шығарды, моральдық залалдың жалпы сомасы 120 млн теңгені құрады. 

Сот шешімі жарияланғаннан кейін марқұмның қызы Яна Осолодкова көзіне жас алды. 

"Марқұм әкемнің және отбасымның намысын қорғап шыққаныма қуаныштымын", – деді Яна. 

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, 2024 жылдың 25 шілдесінде шұңқырға құлаған автобустың ішіндегі төртінші құтқарушының денесі апаттан жарты жыл өткенде жер бетіне шығарылған еді. Марқұм 75 метр тереңдіктен табылып, қалдықтары сараптамаға жіберілді.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды