«Әкем ұстаздықты тастап, мұнай саласына кетті»: Тамара Асар Мұнайшылар күнімен құттықтады

Аиса Махамбет Редактор
06.09.2024, 15:10
1398
«Әкем ұстаздықты тастап, мұнай саласына кетті»: Тамара Асар Мұнайшылар күнімен құттықтады жеке мұрағатынан

Қыркүйек айының алғашқы жексенбісі – мұнайшылар күнінде қазақ эстрадасының жұлдызы, әнші Тамара Асар балалық шағын есіне алды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесінің айтуынша, әкесі ұстаздық қызметті тастап, мұнай саласына ауысқан көрінеді. 

“Менің әкем ұстаздық еткен адам еді. Кеңес өкіметі құлаған шақта, тұрмыс-тіршілік қиындай бастағанда, бізді яғни алты баласын, жоғарғы оқуға оқыту үшін, ұстаздықтан мұнайшылыққа ауысты. Вахталық әдіспен жұмыс жасады.

Сол мұнай саласынан құрметті зейнетке шықты. Маған мұнайшының қызы ретінде бүгінгі мереке өте ыстық. Мен Мұнайшылардың кен орнына алғаш барып ән шырқағанда бесінші сыныпта едім. Содан міне әлі шырқап келе жатырмын, шүкір. Батыстағы кен орындардың басым көпшілігін аралап, қара жердің қойнауын қазып жатқан мұнайшыларға талай өнерімді паш еттім. Олардың соққан алақандарының ыстық ықыласы мәңгі менің жүрегімде”, – деп жазды әнші. 

Сонымен қатар қазба байлықты қазып жүрген сала мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтады.

“Мұнайшылар! Мерекелеріңіз құтты болсын! Еңбектеріңіз елеулі де, табысты болсын! Қазағымыздың қара алтыны болашақ ұрпаққа мұра болсын! Бүгін мен мұнайшылардың 125 жылдық мерейтойына арналған ауқымды концертте “Мұнайлы мекен” атты туындымызды орындадым”, – деді өнер иесі. 

«Екінші рет алып жатырмыз»: Мақпал Жүнісова қызы Мерейдің туған күніне ерекше сыйлық жасады Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті