АХҚО бизнес-көшбасшылар мен инвесторларды біріктіруге арналған жаңа платформа – AIFC Business Club іске қосылды

06.09.2024, 18:08
899
АХҚО бизнес-көшбасшылар мен инвесторларды біріктіруге арналған жаңа платформа – AIFC Business Club іске қосылды АХҚО

6 қыркүйекте АХҚО-да өтіп жатқан Astana Finance Days жыл сайынғы қаржы конференциясының алаңында AIFC Business Club іске қосылды. Бұл топ-менеджерлерді, компания иелерін, озық бизнес-көшбасшыларды және инвесторларды біріктіретін ниеттестердің бірегей қауымдастығы.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АХҚО бастамасының жаңа форматы ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін іздеудің, жергілікті және халықаралық деңгейде бірлескен табысты жобаларды іске асырудың қозғаушы күші болуға арналған.

Клуб AFD 2024 аясында ұйымдастырылған, 60-тан аса бизнес өкілдері жиналған іскерлік таңғы ас барысында іске қосылды.

Іс-шара қонақтарын қарсы алып, ілтипат сөзін арнаған АХҚО Басқарушысы Ренат Бектұров: «Бұл бастаманың мақсаты қазақстандық және халықаралық деңгейде бизнес жүргізудің озық тәжірибелерімен алмасу алаңын құру болып табылады. Біздің бизнес-клуб АХҚО юрисдикциясында бизнесті дамытуға ықпал ететін шешімдерді әзірлеу платформасы болады. Мұнда компаниялардың өсуі мен дамуы үшін жаңа шешімдер іздеу мақсатында маңызды реформалар мен бастамалар талқыланады. Бұл бастама әр түрлі сектор өкілдері арасында біртұтас орта құруға негіз қалайтынына сенімдімін», – деп өз пікірін білдірді.

AIFC Business Club өз мүшелеріне тәжірибе алмасу және кәсіби өсу үшін нетворкинг пен бизнес мүмкіндіктер ұсынады. Клуб мүшелеріне іскерлік кездесулер, арнайы курстарды ұйымдастырылады. Сондай-ақ компания үшін стратегиялық маңызды шешімдер қабылдауға көмектесетін эксклюзивті аналитика мен есептер ұсынылады.

Клуб мүшелері бизнес және заң мәселелері жөніндегі сарапшылық консультациялар беріледі.

Бизнес-клуб аясында бизнесті дамытуда бірегей тәжірибесі бар алғашқы спикерлер: банк және қаржы салаларында 15 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар, DNA Payments Group-тың негізін қалаушы Ариф Бабаев, сондай-ақ кәсіпкер, «Додо Пицца» жылдам тамақтану мейрамханалар желісінің тең құрылтайшысы Андрей Петелин сөз сөйледі. Спикерлер сын-тегеуіріндерді жеңудің практикалық ұсыныстарымен және бизнестің ауқымын ұлғайту және өсіру стратегияларымен бөлісті.

АХҚО Басқарушысы Ренат Бектұров клубтың алғашқы мүшелеріне сертификаттарды табыс етті, олар: Тимур Турлов (Freedom Holding Corp директорлар кеңесінің төрағасы), Дәрмен Сәдуақасов (Dasco Consulting Group басқарушы серіктесі), Ариф Бабаев (DNA Payments Group негізін қалаушылардың бірі), Мұрат Көшенов (Halyk Bank CFO), Ержан Мусин (Fonte Capital CEO), Аслан Сұлтанов (WhiteHill Capital CEO), Мадина Момынқұлова (Flagman мектептерінің CEO), Нұркен Беркінбаев (Yildirim Holding Kazakhstan), Нұржан Марабаев (Semurg Invest СЕО) және Жанибек Байгабелов (CEO Kazakhmys Smelting).  

AIFC Business Club-тың іске қосылуы Қазақстанда және одан тыс жерлерде іскерлік қоғамдастықтың дамуындағы жаңа кезеңді айшықтады. Клуб мүшелері өз компанияларының өсуі мен дамуы үшін бірегей мүмкіндіктерге ие болады, сондай-ақ неғұрлым ұйымшыл және инновациялық бизнес-ортаны құруға үлес қосады.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады