«Өмір мені бұндайға дайындаған жоқ»: Қызға қырындаған депутаттың әнші қызы әкесіне қатысты пікір білдірді

Аиса Махамбет Редактор
06.09.2024, 18:55
1106
«Өмір мені бұндайға дайындаған жоқ»: Қызға қырындаған депутаттың әнші қызы әкесіне қатысты пікір білдірді жеке мұрағатынан

Бірнеше рет харассмент жасады деген айыппен мандатынан айырылған экс депутат Асқар Садықовтың қызы, әнші Dequine пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жастар арасында Dequine атымен танымал әнші қыз мәжіліс депутаты болған Асқар Садықтың қызы екені белгілі болды. 

“Соңғы күндері жаңалықты естіп жатқан шығарсыздар?! Менің әкем Асқар Садық жұмысынан қудалауға ұшырады. Жұрт алдында айыптап, қызметінен босатты. Мен де бұл жағдайға қатты таңғалдым. Шынымды айтсам, не дерімді білмеймін. Мұндай жағдайда не істерімді, кімге сенетінімді және қалай әрекет ету керегін білмеймін. Өмір мені бұған дайындаған жоқ еді. Қудалау мен қаралауды басынан өткеріп жатқан адам үшін бұл оқиға – қатты күйзеліс”, – деді әнші. 

Одан кейін өнер иесі зорлық-зомбылыққа қатысты ойы еш өзгеріссіз қалатынын жасырмады. 

“Бұл жағдай менің өмірімдегі екі басты құндылыққа әсер етті: менің отбасым және әйел құқығы. Мен бірнеше жыл бұрын қудалау мен зорлық-зомбылықтың барлық түріне қарсы шығатынымды айттым. Әлі де сол пікірде қаламын. Мен зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қарсымын. Қиын кезеңде мені қолдап, жанашырлық танытқандардың барлығына рақмет. Сіздердің қолдауларыңыз мен үшін қымбат”, – деп алғыс білдірді Данеля Садық. 

Еске салайық, "Харассмент қана емес, жемқорлық ісі де бар" деп "Ақ жол" партиясы экс-депутат Асқар Садықовқа тағы бір айып тағылғанын жазған едік. 

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды