Қазақстанда күзгі әскерге шақыру маусымы басталды

06.09.2024, 19:32
707
Қазақстанда күзгі әскерге шақыру маусымы басталды nur.kz

Елімізде күзгі әскерге шақыру науқаны желтоқсан айына дейін жалғасады. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, күзгі әскерге шақыру науқаны кезінде Қазақстан армиясының қатары 20 мыңнан астам сарбазбен толығады. 

Мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға негіздері жоқ 18 жастан 27 жасқа дейінгі азаматтар шақырылады.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, сарбаздарды әскерге шақыру кезінде:

Қарулы күштердің;
Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының;
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің;
Төтенше жағдай министрлігінің;
Мемлекеттік күзет қызметінің бөлімшелері жасақталады.

“Биыл сарбаздарға арналған артықшылықтар заң жүзінде бекітілді. Оларға қызмет ету кезеңінде және әскерден босатылғаннан кейін екі ай уақытқа несиелік демалыс беріледі. Елімізде 6 мыңнан астам әскери қызметшінің 1 млрд 828 млн теңге сомасындағы төлемдері кейінге шегерілді. Отан алдындағы борышын өтеген азаматтарға студенттік жатақханадан орын беріледі. Сондай-ақ әскерде қызмет еткен мың жарымнан астам азамат жоғары оқу орындарына тегін, ал ақылы бөлімге 700-ден ер азамат оқуға түсті. Биыл көктемде запасқа шығарылған 400-ден астам әскери қызметкер келісімшарт бойынша әскери қызметке орналасты, – делінген хабарламада.

Еске салайық, қалалық және аудандық шақыру комиссиялары жергілікті атқарушы органдар әкімдерінің орынбасарларының төрағалығымен жұмыс істейді. Шақыру науқаны ашық форматта өтеді. Әр қорғаныс істері жөніндегі департаментінде "жедел желі" ашылған, сонымен қатар сұрақтарды әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттар арқылы да қоюға болады.

«4 отадан аман-есен өттім»: әйгілі Ника Нетт бет-әлпетін өзгертті Жанар Айжанова сынған сүйекті емдеудің жолын тапты Шерзаттың үйін өртегендерді анықтау үшін ресейлік спутник қолданылмақ Түркістанда ер адам бұрынғы әйеліне пышақ тақап, басқа қалаға қорқытып алып кеткен Ақтауда ер адам балаларды пышақпен қорқытқан (ВИДЕО) Астана маңында балаларды таситын автобус жол апатына ұшырады Трамптың баж салығының кесірінен Apple енді әлемдегі ең қымбат компания емес Ақтауда көшеде жартылай жалаңаш жүрген ер адам тұрғындардың ашуына тиді (ВИДЕО) Абай облысының полицейлері жоғалған жасөспірімді таба алмай жатыр Астанада «Қазақ күшінің картасы» жобасы басталды Алматыда күзетшіні аяусыз өлтірген бұрынғы депутаттың ұлы 22 жылға сотталды «Мекке де жоқ, ақша да жоқ!»: Балғынбек Имашовтың ұлы ұсталды Атырау облысында Құлсарыдан 120 шақырым қашықтықта жер сілкінді Бүгін Республиканың басым бөлігінде жауын жауады «Қатты ренжітіп алдым…»: Айгүл Иманбаева әріптесі Қарақат Әбілдинадан кешірім сұрады Қазақ жігіт әйгілі футболшы Роналдиньоға шапан жапты «Халықты әбігерге салғанша, банктерді қысайық» – депутат Ермұрат Бәпи «Louis Vuitton, Prada»: Қарақат Әбілдина туған күніне келген өте қымбат сыйлықтарды көрсетті «Үй жанындағы» дүкен иелеріне жаңа салықтан қорқудың қажеті жоқ – Ұлттық экономика министрі Енді байларға да «сән-салтанат салығы» салынатын болады