Астанадағы 5 мектепте жаңа форматтағы инклюзивті кабинеттер ашылды

06.09.2024, 20:09
920
Астанадағы 5 мектепте жаңа форматтағы инклюзивті кабинеттер ашылды Самұрық-Қазына

Енді ерекше білім беруді қажет ететін 150-ден астам бала әдепкі мектептерде қатарластарымен бірге оқи алады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ​№97 мектеп-гимназияда ашылған осындай инклюзияны қолдау кабинетінің бірін бүгін «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен елорда әкімінің орынбасары Есет Байкен аралады.

Жаңа сипаттағы тиісті сыныптар №22 мектеп-гимназияда, №36 орта мектепте, Қ. Мыңбаев атындағы №59 мектеп-лицейде және Ә. Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейде де жабдықталды. Игілікті іс Қор ұйымдастырған қайырымдылық марафоны кезінде жиналған 126,7 миллион теңгеге атқарылғанын атап өткен жөн. Бұл қаражатқа мектептерде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, құрал-жабдықтар, жиһаз бен оқу-әдістемелік кешендері сатып алынды және мамандар даярланды.

Фото: Самұрық-Қазына

Инклюзияны қолдау кабинеті жаңа модельде Қор және инклюзия саласындағы мамандармен әзірленген. Сыныптар екі бөлек кеңістіктен тұрады: психолог, дефектолог, логопед және қыш бұйымдарын жасау кабинеті үшін open space түріндегі кең бөлмелер, сонымен қатар емдік дене шынықтыру кабинеті. Бөлмелер аумағы кемінде 60 шаршы метрді құрайды. Бұл сәйкесінше балаларға ыңғайлы да жайлы жағдайда сабақ өткізуге мүмкіндік береді.

«Самұрық-Қазына» АҚ корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік аясында ерекше қажеттіліктері бар адамдарды кешенді түрде қолдап келеді. Қазақстан өңірлерінде 42 оңалту орталығын, 10 спорт кешенін аштық. Бейімделген спорт секцияларына 1000-нан астам бала қатысады. Мүгедектігі бар жастарды цифрлық кәсіптерге оқытуды бастадық. Осылайша адамдарға туғанынан бастап көмек көрсетіп, олардың қоғамда әлеуметтенуіне барлық жағынан ықпал етеміз», - деді Нұрлан Жақыпов.

Фото: Самұрық-Қазына

Бұл ретте оқытушылар мен мамандар оқудан өтіп, оларға жыл бойына әдістемелік қолдау көрсетіледі.

Инклюзияны қолдау кабинеттерін құру жобасын «Самұрық-Қазына» компаниялар тобы атынан «Samruk-Kazyna Trust» қоры жүзеге асырды.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды