Бурабайда бірнеше елдің Қызыл кітабына енген саңырауқұлақ түрі табылды

07.09.2024, 15:32
887
Бурабайда бірнеше елдің Қызыл кітабына енген саңырауқұлақ түрі табылды burabaypark.qr-pib.kz

Бурабайдағы ғылыми қызметкерлер жаңалық ашты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ғылыми қызметкерлері ғылыми-зерттеу жұмыстары кезінде саңырауқұлақтың сирек кездесетін түрін тапты. Бұл туралы Kazinform жазды.

саңырауқұлақ
Фото: «Бурабай» МҰТП баспасөз қызметі

Ұлттық парк баспасөз қызметінің мәліметінше, табылған саңырауқұлақтардың арасында құбылмалы пецица (Peziza varia), күзгі желі (Gyromitra infula), ақ саңырауқұлақ (Hygrocybe conica), рамария (Ramaria eumorpha), ойық саңырауқұлақ (craterellus cornucopioides), қозықұйрық (lepiota magnispora), ағашқұлақ (phaeolus Schweinitzii) тәрізді бірегей түрлері бар. Ал ішіндегі олжасы - ол торлы саңырауқұлақ (Clavariadelphus sp.). Бұл сирек кездесетін өсімдіктің үстіңгі жағы жіңішке таяқша тәрізді, түсі әдетте ашық сары немесе сарғылт, кейде тіпті қызыл. Ең басты ерекшелігі – 3-5 жылда бір рет қана өсіп шығады. Қазіргі таңда Clavariadelphus sp. бірнеше елдің Қызыл кітабына енген.

сағырауқұлақ
Фото: «Бурабай» МҰТП баспасөз қызметі

«Алдын-ала Clavariadelphus sp. ретінде деп айқындалған саңырауқұлақтың табылғаны ерекше назар аударуға тұрарлық жайт. Ол алдағы уақытта Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілуі мүмкін. Бұл жаңалық Ұлттық саябақтың өсімдік әлемінің алуандығын көрсетеді. Соның ішінде саңырауқұлақтар тобын одан әрі зерттеп, қорғау қажет екендігіне көз жеткізіп отырмыз», – деп түсіндірді Ұлттық парктің аға ғылыми қызметкері, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Евгений Архипов.

Осы ретте, «Бурабай» МҰТП қызметкерлері ұлттық парктің микологиялық тізілімін жасауды қолға алған. Онда саябақ аумағында өсетін саңырауқұлақтардың барлық түрі қамтылатын болады.

саңырауқұлақ
Фото: «Бурабай» МҰТП баспасөз қызметі

«Бес жыл ішінде «Бурабай» МҰТП Ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімінің ғылыми қызметкерлері алғаш рет ұлттық парк аумағында өсетін саңырауқұлақтардың барлық түрлерін қамтитын микологиялық тізілім жасайды. Бұл экожүйені терең зерттеуде және біздің аймақтың биологиялық алуандығын қорғауды қамтамасыз етуде маңызды қадам болады. Микология (саңырауқұлақтар туралы ғылым) экожүйедегі процестерді түсінуде ерекше рөл атқарады, себебі саңырауқұлақтар органикалық заттардың ыдырауы мен топырақтың құнарын сақтауда үлкен рөл ойнайды», - деп қосты Евгений Архипов.

Ғалымдардың айтуынша, саябақ аумағында жүргізілген зерттеулер экожүйе туралы жиналған деректерді молайтып қана қоймай, табиғатты қорғаудың тиімді шараларын қолға алуға ықпал етеді.

«Саңырауқұлақтар қоректік заттар айналымына және ағаштардың саулығына ерекше әсер етеді. Яғни, оны зерттеу Ұлттық парктің табиғатын сақтау үшін өте маңызды», - дейді «Бурабай» МҰТП ботанигі Юлия Боссерт.

Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады