Атыраулық жігіт «танкпен» көшедегі арам шөпті шауып жүр

Аиса Махамбет Редактор
07.09.2024, 17:19
1452
Атыраулық жігіт «танкпен» көшедегі арам шөпті шауып жүр жеке мұрағатынан

Танкте 200 аттың күші бар дейді иесі.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атыраулық жігіт «танкпен» көшедегі арам шөпті шауып жүр. Бұл техника 15-20 адамның жұмысын атқарады. Бұл туралы Kazinform жазды.

Техника әскери танк үлгісінде жасалған. Атырау қаласының тұрғыны Бағытжан Досановта Қытайда шығарылған техниканың екеуі бар.

«Жеке кәсіппен айналысып жүрмін. Биыл Атырау қаласының маңындағы Кеңөзек және Алғабас елді мекеніндегі көшеде өскен арам шөпті шабу конкурсына қатысқан едім. Бұл істі атқару үшін бірнеше адамды жұмысқа тарттым. Жұмысшылар арамшөпті «триммер» аппаратымен шапты. Аптап ыстықта арам шөпті шабу оңай емес. Оған тұрақты істейтін жұмысшыларды табу да қиын. Осындай себеппен, интернеттен шөп шабатын техниканы іздестірдім. Сондай екі техниканы Қытайға барып, сатып алып келдім», - дейді Бағытжан Досанов. 

танк
Фото: кейіпкердің жеке мұрағатынан

Оның айтуына қарағанда, «танкте» 200 аттың күші бар. Ал, салмағы – 400 келі. 

«Бұл техникамен кез келген шөпті шабуға болады. Пультпен басқарылады. Сол себептен, 50-60 метр қашықтан басқару мүмкіндігі бар. Шынжыр табанды техника жол талғамайды. Су айдындарының жағасынан да, батпақта жерден де шөп шабуға болады. Барлық процес пультпен реттеледі», - дейді Бағытжан Досанов. 

Бір ерекшелігі, «танк» шабылған шөпті уатып жібереді. Ал, жаяу адамға арналған жолдың қарын күреуге болады. 

«Шөп шапқанда, не қар күрегенде бензин қолданамыз. Бір көшеден екіншісіне жеткізу үшін аккумулятормен жүреді. Алдағы жұмыс ауқымы көбейсе, тағы осындай техника сатып әкелемін», - дейді Бағытжан Досанов. 

 

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды