V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының тікелей трансляциясы қаншада басталады

08.09.2024, 10:31
850
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының тікелей трансляциясы қаншада басталады Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

Бүгін елордада сағат 19:00-де Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының тікелей трансляциясы басталады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Астанада 8-13 қыркүйек аралығында өтеді. Оған әлемнің 89 елінен 2500-ден астам қатысушы қатысады.

Шараның ашылу рәсімі «Астана арена» стадионында өтеді.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарлауынша, шоуға 3 мың артист қатысады. Шараның ашылу рәсімінің алдында, 8 қыркүйек күні сағат 16:00-де қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өтеді. Концерт аяқталысымен сағат 19:00-де ресми ашылу салтанаты болады. Шоу барысында сахна мен мультимедианың заманауи технологиялары қолдыныла отырып, екі сағаттық музыкалық театрландырылған қойылым ұйымдастырылады.

Қалыптасқан дәстүр бойынша ашылу рәсімінде спорттық делегациялардың шеруі өтеді. Соңында Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайбергеннің орындауындағы халықтар достығы мен бірлігі туралы музыкалық композияция орындалады.

Ойындарға қатысушылар мен қонақтарды қабылдау үшін 20 қонақүй мен 331 көлік қарастырылған. Медициналық штабта 150 медициналық қызметкер, 23 ветеринар жұмыс істейді. 1 300 волонтер қызмет атқарады. Сондай-ақ БАҚ-қа арналған аккредитацияға жалпы 64 елден 1 185 өтінім түскен.

Ойындар бірнеше жерде өтеді: «Думан» қонақ үйі, «Қазанат» ипподромы, этноауыл, Ж. Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы және «Алау» мұзайдыны мен «Астана Арена» кешенінде.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды