«Жұмыс уақытында ішімдік ішіп отыр»: Алматы облысында қоғам белсендісі кафеде жиналған шенеуніктердің әрекетіне шағымданды (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
08.09.2024, 16:36
890
«Жұмыс уақытында ішімдік ішіп отыр»: Алматы облысында қоғам белсендісі кафеде жиналған шенеуніктердің әрекетіне шағымданды (ВИДЕО) коллаж smartnews.kz

Шенеуліктер кафеде көңіл көтерген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы облысында қоғам белсендісі Күнсұлу Мулькибаеваның аудан орталығының кафелерінің бірінде ішімдікпен дастархан жайып, жиналған облыстық мәслихат депутаттарының үстінен түскен видеосы пайда болды. Әйел олардың жұмыс уақытында тойлатып отырғандарына наразылық білдірді. Бұл туралы “Орда” порталы мәлімдеді. 

Кафеде Алматы облыстық мәслихатының депутаты Ләззат Тұрлашев, Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы әкімінің екі орынбасары – Нұрлан Әбденов пен Дәурен Жолжанов болған.

Видео кадрларынан шенеуніктердің беттерін қалай жауып қашуға тырысқанын көруге болады. Ал белсенді дастарханда жеңіл тағамдардан бөлек, коньяк пен сыра ыдыстары бар екенін айтады. 

“Міне орынбасарлар жұмыс уақытында рахаттанып отыр. Қазір полиция шақыртамыз. Қандай керемет! Міне сыра, коньяк тұр алдарыңызда”, – деген видео кадрларында. 

Күнсұлу Мулькибаева кейін полиция шақырған. Алайда олар шенеуніктердің бұзақылық әрекеттерін жасамағанын айтып, әкімшілік құқық бұзушылық хаттама жасамаған.

"Тәртіп сақшылары не істеу керектігін ойластырып жатқанда, қатысушылардың бірі қашып кетті. Өкінішке орай, біз оны қуып жете алмадық",— деп шағымданады ол.

Кейінірек Кунсұлу полицейлермен бірге кафеге оралып, камераны қараған.Айтуынша кішкентай ыдыста коньяк, ал үлкен стаканда сыра болған. Дегенмен полицейлер сараптама үшін сынама да алмаған екен. 

Күнсұлу Мулькибаева кейін Кербұлақ ауданының прокуратурасына осы жайт бойынша шағым түсірді.

"Олар қызметтік көлікпен жүріп, жұмыс уақытында ішімдік ішіп отыр. Олардың алдында алкоголь болғанына сенімдімін. Бірақ полиция шара қолданбады. Егер мен қателессем, олар неге қаша жөнелді ?",- деді ол.

«4 отадан аман-есен өттім»: әйгілі Ника Нетт бет-әлпетін өзгертті Жанар Айжанова сынған сүйекті емдеудің жолын тапты Шерзаттың үйін өртегендерді анықтау үшін ресейлік спутник қолданылмақ Түркістанда ер адам бұрынғы әйеліне пышақ тақап, басқа қалаға қорқытып алып кеткен Ақтауда ер адам балаларды пышақпен қорқытқан (ВИДЕО) Астана маңында балаларды таситын автобус жол апатына ұшырады Трамптың баж салығының кесірінен Apple енді әлемдегі ең қымбат компания емес Ақтауда көшеде жартылай жалаңаш жүрген ер адам тұрғындардың ашуына тиді (ВИДЕО) Абай облысының полицейлері жоғалған жасөспірімді таба алмай жатыр Астанада «Қазақ күшінің картасы» жобасы басталды Алматыда күзетшіні аяусыз өлтірген бұрынғы депутаттың ұлы 22 жылға сотталды «Мекке де жоқ, ақша да жоқ!»: Балғынбек Имашовтың ұлы ұсталды Атырау облысында Құлсарыдан 120 шақырым қашықтықта жер сілкінді Бүгін Республиканың басым бөлігінде жауын жауады «Қатты ренжітіп алдым…»: Айгүл Иманбаева әріптесі Қарақат Әбілдинадан кешірім сұрады Қазақ жігіт әйгілі футболшы Роналдиньоға шапан жапты «Халықты әбігерге салғанша, банктерді қысайық» – депутат Ермұрат Бәпи «Louis Vuitton, Prada»: Қарақат Әбілдина туған күніне келген өте қымбат сыйлықтарды көрсетті «Үй жанындағы» дүкен иелеріне жаңа салықтан қорқудың қажеті жоқ – Ұлттық экономика министрі Енді байларға да «сән-салтанат салығы» салынатын болады