952

Маңғыстау облысында борышын өтеп жүрген сарбаз полигонда көз жұмды

Маңғыстау облысындағы "Оймаша" полигонында "Батыс" өңірлік қолбасшылығы бөлімдерінің жиыны кезінде сарбаз көз жұмды.

Маңғыстау облысында борышын өтеп жүрген сарбаз полигонда көз жұмды
Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ақпаратқа сәйкес 17:10 шамасында лагерь бойынша кезекші, гвардия лейтинанты ПМ 9 мм тапаншасынан оқ атқан. Салдарынан оқ қатардағы жауынгер Марат Ерболұлы Барқұловтың бетіне тиген. 

Сарбаз жедел ауруханаға жеткізілгенімен, 17:40 шамасында көз жұмды. Ақтау гарнизоны баспасөз қызметінің хабарына сәйкес, сарбаздың өліміне қаруды дұрыс пайдаланбау себеп. 

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, қылмыстық іс қозғалды. 

Материал авторы