«Жалғыз ұлымды әскерге бердім»: Маңғыстауда қаза тапқан мерзімді қызметтегі сарбаздың әкесі министрлікке видеоүндеу жолдады

Аиса Махамбет Редактор
08.09.2024, 19:12
726
«Жалғыз ұлымды әскерге бердім»: Маңғыстауда қаза тапқан мерзімді қызметтегі сарбаздың әкесі министрлікке видеоүндеу жолдады nur.kz

Ұлының өлімі абайсызда емес, қасақана болды дейді ол.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Маңғыстауда қаза тапқан мерзімді қызметтегі сарбаздың әкесі қорғаныс министріне жан-жақты тергеу жүргізуді талап еткен видеоүндеу жолдады.

Instagram қолданушысы Дамир Көшеевтің парақшасында өзін Маңғыстауда қаза тапқан мерзімді қызметтегі сарбаздың әкесімін деп таныстырған азаматтың видеоүндеуі жарияланды. 

"Ақтауға бара жатырмын. Ұлымды бетінен атып өлтірді. Бұл абайсызда болған жағдай емес. Қару атылып кету үшін сақтандырғыштан алу керек. Бұл абайсызда болмайды. Қазір ол қамауда дейді", – дейді ер адам. 

Әкесі істің бұрмаланып кетуінен қорқатынын жеткізді. Сондықтан министрден істі жеке бақылауына алып, шындықтың ашылуына көмектесуін сұрады. 

"Барлығын толыққанды зерттесе деймін. Қазір Ақтау қалалық тергеу комитетіне барамын. Әрі қарай ұлымның мәйітіне сараптама жасалатын орынға баруым керек", - деді ер адам видео хабарламасында.

Еске салсақ, 7 қыркүйек күні Маңғыстау облысында оқыс оқиға болды. Әкери полигонда мерзімді қызметтегі сарбаз ауыр жарақат алып, көз жұмғанын хабарлаған едік.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады