1273

Бүгін Мұрат Әбділдә бостандыққа шықты

Сотталған блогерді достары күтіп алды.

Бүгін Мұрат Әбділдә бостандыққа шықты
жеке мұрағатынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, TikTok желіcі арқылы танымал болған түркістандық блогер Мұрат Әбділдә бүгін бостандыққа шығып, жақындарымен қауышты.

Бұл туралы түрмеге қамалар алдында онымен жақын араласқан жайдарманшы Мансар Орынхан жазды.

Еске салсақ, атышулы Әбділдә Шымкенттегі 167/3 жалпы режиміндегі колонияда жазасын өтеп жатыр. Ол Instagram-дағы бейнежазбалары арқылы «әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздырғаны үшін» 4,5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор