«Қазақстан халқына» қоры 792 талапкерге грант берді

12.09.2024, 11:51
877
«Қазақстан халқына» қоры 792 талапкерге грант берді el.kz

Қоғамдық қор жастарға арнап 4,8 млрд теңге бөлді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры жастардың сапалы жоғары білім алып, болашағы табысты болуы үшін мүмкіндік жасау мақсатында қолдау көрсетуін жалғастырып жатыр. 2022 жылы бағдарлама іске қосылғаннан бері 3117 студент қолдауға ие болып, оның 517-сы оқуын сәтті аяқтады.

2022 жылдан бастап Бағдарламаны жүзеге асыру барысында Қор студенттердің оқу ақысы мен шәкіртақысын төлеуге 4,8 млрд теңге бөлді.

11 қыркүйекте «Қазақстан халқына» ҚҚ Басқармасы 2024 жылға арналған білім гранттарына ие болған талапкерлердің тізімін бекітті. Биыл қайырымдылық бағдарламасы аясында 850 грантты бөлу үшін 93 жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі оқу орындары (ЖОО) таңдалды. 2024 жылдың 1   мен 17 тамызы аралығында білім беру ұйымдарының қабылдау комиссиялары бағдарламаға қатысуға ниетті үміткерлердің өтініштерін қабылдады.

Endowment Qazaqstan Halqyna ҚҚ бағдарламасының әкімшісі 85 оқу орнының конкурстық комиссияларының хаттамаларын алды. Құжаттардың критерийлерге сәйкестігін тексеру нәтижелері бойынша келесі санаттар бойынша бөлінген 792 өтініш берушінің түпкілікті тізімі қалыптастырылды:

1. 3 өтініш беруші (0,4%) - 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан азаматтардың балалары;

2. 168 өтініш беруші (21,2%) - жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

3. 149 өтініш беруші (18,7%) - ауылдық елді мекендердегі, шағын және моноқалалардағы аз қамтылған отбасылардан үміткерлер;

4. 177 өтініш беруші (22,4%) – мүгедектігі бар азаматтар;

5. 295 өтініш беруші (37,3%) - мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасында тәрбиеленіп отырғандар.

«Қазақстан халқына» қорының білім беру гранты тегін, күндізгі бөлімде оқудың барлық кезеңіне бакалавр дәрежесін бере отырып, жылына 1 миллион теңгеге дейін жоғары білім алу құнын өтейді. Сондай-ақ грант иелеріне жазғы демалысты есепке алмағанда жылына 10 айға 40 мың теңге мөлшерінде ай сайынғы стипендия төленеді.

2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды