834

Қызылордада 6 жасар екі қызды зорлаған адам қамаудан босап шықты

Қызылорда соты алты жасар екі қызға қатысты зорлық-зомбылық жасаған ер адамды қылмыстық жауапкершіліктен босатып, мәжбүрлеп емдеуге жіберді.

Қызылордада 6 жасар екі қызды зорлаған адам қамаудан босап шықты
rutgers.edu

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты сотталушыға қатысты қылмыстық іс жабық сот отырысында қаралғанын жазды.

"Ақыл-есі кем Е екі жас қызға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны анықталды. Оған екі бап бойынша айып тағылды: Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігі бойынша (Кәмелетке толмаған балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық), Қылмыстық кодекстің 124-бабының 1-бөлігі бойынша (Жас балаға қатысты күш қолданбай азғындық әрекеттер жасау)", – делінген хабарламада. 

Сотталушының кінәсі қылмыстық іс материалдарымен, сарапшылардың қорытындыларымен, куәлардың айғақтарымен толық дәлелденді.

"Сот шешімімен сотталушы Е ақыл-есі дұрыс еместігіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Сот Қылмыстық кодекстің 16-бабында (Есi дұрыс еместiк) көзделген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданды", – делінген хабарламада. 

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор