1252

Sulpak дүкендер желісінің негізін қалаушылардың бірі көз жұмды

Қазақстандағы Sulpak электроника дүкендері желісінің негізін қалаушылардың бірі Андрей Пак қайтыс болды. Қаралы хабарды оның қызы Светлана жеткізді.

Sulpak дүкендер желісінің негізін қалаушылардың бірі көз жұмды
жеке мұрағатынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақстандық брендті қалыптастырушы қайтыс болды.

"Әкемізді еске алуға арналған мемориалдық кеш", – деп жазды Светлана Пак Instagram парақшасында.

Өмірінің соңғы жылдарында ол Еуропада тұрды. Кәсіпкер бірнеше жыл бұрын Sulpak-тағы үлесін сатып жіберген.

Айта кетейік, Sulpak сауда желісі Қазақстанда 1992 жылы пайда болды. Құрылтайшылары – Алмас Сұлтанғазин және Андрей Пак. Бренд атауы олардың фамилияларының бірінші буындарынан құралған.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор