«Сені бай да, Құдай да алмайды»: Айнұр Тұрсынбаева жүйесіз сөз айтатындарды сынады

Аиса Махамбет Редактор
12.09.2024, 16:29
1005
«Сені бай да, Құдай да алмайды»: Айнұр Тұрсынбаева жүйесіз сөз айтатындарды сынады жеке мұрағатынан

Белгілі айтыскер ақын, коуч-психолог Айнұр Тұрсынбаева сөз құдіретіне қатысты ойын бөлісті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, айтыс өкілі 35 жасқа жеткенше тұрмыс құрмаған қыздың оқиғасын айтып берді. 

“Жақында қабылдауыма жас қыз келген болатын. Тұрмысқа шықпаған деп айтайын. Жасы 35-те. Ол қыздан сұрадым: "Тұрмысқа шыққың келе ме?" деп. Ол: "Мен тұрмысқа шықпайтынымды анық білемін" деді. "Қайдан білесің?" десем, әжем маған: "Сені бай да алмайды, Құдай да алмайды" деп айтқан болатын" дейді. Былай қарап тұрсақ, бір-ақ ауыз сөз. Адам соны өзіне қабылдап тұр", – деді айтыскер ақын. 

Айтыскердің айтуынша, сөздің құдіреті қыздардың ғана емес, жалпы адамдардың өмір жолына көп кедергі келтіретін көрінеді. 

"Сол сияқты білесіздер иә, бір-ақ ауыз сөздің кесірінен қанша отбасы ажырасып кетіп жатыр, қанша адам ішіп кетеді, қанша адам өсіп кетеді, қанша адам өшіп кетеді. Бір-ақ ауыз сөз көбінесе сіздің өміріңіздің астан-кестеңін шығарып жіберуге жеткілікті. Сол сияқты кішкентай кезіңізде сіз естіген "бай болғанша басың аман болсын" деген сөздің өзі де сізге өмір бақи әсер етуі мүмкін немесе "тұқымың тұздай құрысын" деп айта салатын ауыр сөздер бар. Ол да сіздің өміріңізге әсер етуі мүмкін. Сіз дәл қазір ойланып, қарап көріңізші, сіздің өміріңізге ең қатты әсер еткен кімнің сөзі? Осыны ойлап көріңіз. Сіз өзіңіздің проблемаларыңызды жайлап тауып аласыз", – деді ол. 

Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек еткен еркек сотталды Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады