«Өнердің есігін жаптым»: «Буынсыз адам» атанған Айдос Тоқтарбай жиһаз жөндеп жүр

Аиса Махамбет Редактор
12.09.2024, 17:59
996
«Өнердің есігін жаптым»: «Буынсыз адам» атанған Айдос Тоқтарбай жиһаз жөндеп жүр бейнежазбадан алынған кадр

Халық арасында “Буынсыз адам” атанған Айдос Тоқтарбай көрерменмен қауышты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, цирк әртісі “Астарлы ақиқат” бағдарламасына қатысып, қазір немен айналысып жүргенін айтты. 

“Пандемия келем дегенше, ауылға барып мал бақтық. Одан кейін жобаларға қатыстық. Өзбекстан мен Қытайға барып, өнер көрсеттім. Кейін аяғым мен белімнен жарақат алып, біраз уақыт өнерден қол үзіп қалдым. Қытайға жарысқа барып келгенде, біраз әділетсіздікке тап болдым. Ғалымжан, Беркін үшеуміздің өнерімізді дұрыс бағаламады. Үздік өнер көрсеткен Ғалымжанның өзіне төртінші орын берді. Содан өнердің есігін біржола жаптым. Бірақ халық іздейді екен”, – деді акробат.

Өнер иесі бүгінде сахнадан кетіп, диван жөндеп жүргенін жасырмады. 

“Циркке жұмысқа бару қиын емес. Бірақ цирк әртісіне көңіл бөлінбейді. Аса қатты бағаланбайды. Сосын көңілден де кетеді. Сондай дүниелерді көргеннен кейін ол жаққа барғым да келмейді. Олар да менің дипломымның жоқтығына қарамай ала беретін. Мен 4-курста оқуды тастап кеттім. Одан кейін академияға барған емеспін. Балалығым да, мінезім де болды. Қазір арланбай кез келген жұмысты істей беремін. Бүгінде жиһаз жөндеушімін. Құрылысшының баласы болғасын, құрылысқа да бас сұғып тұрамын”, – деді цирк әртісі. 

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды