«Мақпал ханым, іше түсіңіз»: Мақпал Жүнісованың атышулы видеосынан кейін желі қолданушылары араша түсті

Аиса Махамбет Редактор
12.09.2024, 19:06
990
«Мақпал ханым, іше түсіңіз»: Мақпал Жүнісованың атышулы видеосынан кейін желі қолданушылары араша түсті бейнежазбадан алынған кадр

Қазақ эстрадасының әншісі Мақпал Жүнісова Instagram парақшасына таңғы мезгілде видео жариялап, ел талқысына түскен еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі халықтың 10 пайызы өзін "әнші емес, алқаш" деп атайтынына ренжіген еді. Алайда желі қолданушылары халық әртісін қолдап жатыр. 

Ақын Серікзат Дүйсенғазы әлеуметтік желідегі парақшасында халық әртісі Мақпал Жүнісоваға арнап жазба жариялады. 

“Қалқаман Сариннің он жыл бұрын жазылған осы өлеңінде әншінің тағдыр-тәлейі, болмыс-бітімі жырмен керемет өрілген”, – деді ақын. 

Одан кейін белгілі әнші Бүркіт те әріптес әпкесін қолдайтынын жеткізді. 

“Мақпал әпкеміз ерекше жан ғой. Қазақ эстрадасындағы ең қатты жақсы көретін Мақпал ханым бөлек адам”, – деді әнші. 

Сондай-ақ, Facebook желісінде Серік Хасенов есімді қолданушы өнер иесін қолдап, ақтап алды. 

“Ол кісіні сөккендерге таңғаламын. Мақпал сияқты бола алмағаны үшін өмірге өкпелі адамдардың әрекеті сияқты сезіледі өзіме. Мақпал Жүнісованы әнші емес дегендердің құлағы керең не талғамдарында проблема бар. Мақпал ханымның өжеттілігіне ризамын өзім. Күйеуіңді атып кетіп, өлімін сенен көреді. Өнер жолыңдағы есіктер тарс жабылады. Сұлу, өнерлі, қылықты әйелдің қырықта жесір қалу қасіретін айту да қиын. Басқан ізің аңдулы, бір ағат адым жасасаң, бүкіл халық назарындасың. Мақпал ханымның қызық пен қасіретке толы тағдырының бізге мәлім сырларының өзі адамды мұңайтпай қоймайды. Ішіпті дейді. Неге ішпеуі керек? Өз еркі ғой. Мақпал ханым іше түсіңіз. Сізге ұзақ ғұмыр тілеймін. Шеріңіз тарқасын. Өжет, қайсар, мінезді, нәзік, сұлу, қылықты Мақпал ханым. Сіздің ғұмыр – үлкен майдан!”, – деді желі қолданушысы. 

Қалтада дүрбі сақтаудың қажеті жоқ — бәрі Honor смартфонында Танымал блогер Назгүл мен Құндызға тиесілі 2 қабатты зәулім үйді сатып жіберген боп шықты Жаттықтырушы Алина Серікованың ісі: марқұмның атына зорлықшылар күштеп алғызған несие әлі жабылмаған Семейлік 32 жастағы мұғалім оқушы қызды көліктің ішінде зорлаған Ерке Есмахан күйеуінің туған күнінде жаңа үйге көшкенін айтты (ФОТО) «Пәтер, анасы екеуінің еміне қаражат, инвестиция»: әйгілі бетперделі жігіт 4 дүркін әлем чемпионына көмектесті (ВИДЕО) Жантүршігерлік жол апатынан павлодарлық балалар ауруханаға түсіп, бапкер қаза болды Жемқорлық туралы хабарлаған алматылықтарға 1,2 млн теңге сыйақы берілді Астанада ер адам көпірден секіріп кетті «Қар, көктайғақ»: 19 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды Ел Президенті ұландықты марапаттады Шерзат Болаттың досы неге оқиға орнынан қашып кеткенін түсіндірді Шерзаттың өліміне куәгер Эльмира Нұрбекова күдікті жігіттермен 2 күн бұрын танысқанын айтты «Төбелес біткен тұста пышақ ұстаған бір топ жігіт келді»: Шерзаттың досы сотта куәлік берді Ақтөбелік келіншектің ұлы анасының 600 мың теңгелік сақинасын балабақшадағы қызға сыйлап жіберген Алматы қаласында «Инклюзивті қала: шешімдер мен мүмкіндіктер» атты панельдік сессия өтті «Қыздар көре алмай жатыр»: Диана Скатова жеке өмірінен сыр шертті «20 жылға соттамақ»: Ресейде адыраспанмен ұсталған қазақстандық ер адам 8 ай қамауда отыр Шерзаттың анасы куәгер қыздардан жедел жәрдем шақыруын сұрағанда олардың тас лақтырғанын айтты Ауғанстанға Қазақстан 36 вагон көмек апарып берді