«Қайтейін, кешір, Мақпал!»: ақын Мақпал Жүнісоваға арнап жазба жариялады

Аиса Махамбет Редактор
12.09.2024, 20:30
2614
«Қайтейін, кешір, Мақпал!»: ақын Мақпал Жүнісоваға арнап жазба жариялады жеке мұрағатынан

Ол ақын Қалқаман Сариннің өлеңінде әншінің болмысы туралы сыр шертілгенін атап өтті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ақын Серікзат Дүйсенғазы әлеуметтік желідегі парақшасында Халық әртісі Мақпал Жүнісоваға арнап жазба жариялады. Бұл туралы Aikyn.kz жазды.

Ол ақын Қалқаман Сариннің өлеңінде әншінің болмысы туралы сыр шертілгенін атап өтті.

"Қалқаман Сариннің он жыл бұрын жазылған осы өлеңінде әншінің тағдыр-тәлейі, болмыс-бітімі жырмен керемет өрілген.

"Қайыр жоқ жердегі көп пенделерден,

Қайғыңды көктегі тек құс бөлісер".

Осы екі жолда барлығы тұрған жоқ па?

МАҚПАЛ ЖҮНІСОВА ТУҒАН КҮН!

Күнімен күміс қанат жаусын ақ қар,

Түнімен тұрсын жанып шамшырақтар.

Әуенге бір ғажайып бөлеп бізді

Әлемге келген күн бұл - әнші Мақпал!

Әдемі ән айдынның аққу құсы,

Басынан кетпесе екен бақтың күші.

Шырайы сахнаның ерке Мақпал

Шынайы шіркін, қандай, шат күлкісі!

Бұл күнде күлкісінен басым мұңы,

Тиген соң талайлардың тасырлығы.

Наданның дәурені озып бара жатыр

Адамның артта қалып асылдығы.

Азғындар бола алмастан арлыға жұп,

Амалсыз жаралайды жанды нәзік.

Сағынған елді көрдім сізді Мақпал,

Әншісін іздегендей ән құлазып.

Санаңа сансыз сауал, сұрақ тұнып,

Сырыңа көрген кім бар құлақ түріп?

Жабыққан жаныңменен, әніңменен,

Жұбаттың қанша жанды жылап тұрып.

Көлденең көкаттылар дос тұтқандай,

Сыртыңнан жүре алмады көп сұқтанбай,

Тыңдаған жан біткенді түршіктірер,

Даусыңда өкініш пен өксік бардай.

Қаныңды қамсыз қоғам күштеп ішер,

Тарқамас жылағанмен іштегі шер.

Қайыр жоқ жердегі көп пенделерден

Қайғыңды көктегі тек құс бөлісер...

Қай бейбақ бақытыңның көшін бұзды,

Қай бейбақ көпсінді екен кешіңді ізгі?

...Ел қайда еркелетер есіл қызды?

Қайтейін, кешір, Мақпал!

Кешір, бізді! - деп жазған ол.

Айта кетсек, әлеуметтік желіде Халық әртісі Мақпал Жүнісованың мас күйде «1 литр қымыз іштім» деп жариялаған бейнежазбасы жарияланғаны туралы жазған едік. Кейіннен ол «Әпкем мендей сіңлісі барынан ұялатынын айтты» деп халықтан кешірім сұраған еді.

Шерзаттың өлімі: Сотталғандардың туыстары Тоқаевтан әділдік сұрады (ВИДЕО) Павлодарда мас ер адамдар пышақ алып төбелескен (ВИДЕО) Израиль ХАМАС көшбасшысы Мұхаммед Синвардың қаза тапқанын растады АҚШ Гарвардтың шетелдік студенттеріне виза беруді қайта бастады Астанадағы автобус апатынан соң аяғынан айырылған Алуаның ата-анасы дабыл қақты Қазақстандықтардың жеке деректерін сатумен айналысқан 140 адам ұсталды Астана су қоймасы 55 жылдан кейін алғаш рет тазартылып жатыр Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді