890

Астанада өтетін Димаш Құдайбергеннің концертіне арнайы автобустар қатынайды

13 және 14 қыркүйекте «Астана Арена» стадионында Димаш Құдайберген өнер көрсетеді.

Астанада өтетін Димаш Құдайбергеннің концертіне арнайы автобустар қатынайды
Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астана әкімдігі көрермендерге ыңғайлы болу үшін концерт өтетін орынға арнайы автобустар ұйымдастырылатынын жеткізді.

 

Көрермендердің қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ жол кептелісін болдырмау мақсатында автобустар бірнеше орыннан аттанатын болады. Нақтырақ айтқанда:

1. Салтанат Сарайы;
2. «Әзірет Сұлтан» мешіті;
3. Бас мешіт.

Іс-шара өтетін орынға жеке көлікпен кіруге тыйым салынады. Арнайы автобустармен жол жүру концерт билетін көрсеткен кезде ғана мүмкін болады.

Автобустар сағат 17.00-ден бастап қатынайтын болады.

Материал авторы