«Бір аулада бірге тұрдық»: талдықорғандық танымал емші тоқал алып, бәйбішесін ұрып-соққан

Аиса Махамбет Редактор
13.09.2024, 12:17
426
«Бір аулада бірге тұрдық»: талдықорғандық танымал емші тоқал алып, бәйбішесін ұрып-соққан бейнежазбадан алынған кадр

Әйелдің сөзінше, күйеуі оны ұрып-соғып, артынша тоқал алдыртқан. Тоқал алып беріп, құлағым тыныш бола ма деген Бұлтай Қайсаның үміті ақталмаған. Бұл туралы “Көреміз” бағдарламасында айтылды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Талдықорғандық келіншектің зәулім сарай үйі болса да, бір айдан бері дағдарыс орталығын паналауға мәжбүр. 

"Жарайды, алсаң ал дедім тоқалды. Ол "ой, жарайды, рахмет" деп риза болып кетті. Онда бір қыз бар еді. Соған таныстыр, сен сөйлес деп айтты. Жарайды деп сөйлесіп бердім. Жүрігім жылап, жүзіп күліп, саңырау-сақау болуды үйрендім. Үш үйді оты бір жерден жанады. Сол үш үйге қарауым керек, ата-енемнің тамағын жасап беруім керек. Келген қонақты мен күтуім керек. Тоқал бір күн тұрып жұмыс істеген жоқ. Ол мен үшін күйік, бір аулада тұрамыз", - деді бәйбіше.  

Күйеуі бәйбішесіне туыстарымен араласуға үзілді-кесілді қарсы. Жуырда ғана әкесі қайтыс болған Бұлтай қайғы болған үйде бір күн түнеп қалады. 

Ақысына күйеуінен таяқ жейді. Ұрып қана қоймай, жуынатын бөлмеде жаңалаш денесін күйдірген көрінеді. 

"Моншаға барып түсіп жатқан едім, артымнан келіп "мен сені әдемілеп жуындырып жіберейін" деді. Моншаның ыстық жағына бұрап жіберіп, үстіме құйды. Сосын айғайлап, "күйіп қалдым" деп бақырдым. Ол "А, күйіп қалдың ба?" деп келемеждеді. Содан кейін тастай сумен үстімнен құйды. Оған шыдап  отыра бердім. Әкемнің нәзіріне барып, түнегенім үшін ұрды. Менімен не ат кекілін үзісесің, ажырасасың, не болмаса үйіңмен араласпайсың. Я болмаса жындыханаға барасың" деп шарт қойды. Біреуін таңда деп айтты. Күйеуім Абданбекпен 2005 жылдан бері бір шаңырақ астында тұрып келдік. Арамызда 2 баламыз бар. Ол тоқал алу туралы әңгімені шекарадан өте салып, Қазақстанда осындай заң бар екен деп айта бастады. Тоқал алуға болады екен деп аузынан тастамай жүрді", – деді Бұлтай Қайса.

Олар 2018 жылы ҚХР-нан заң қатаң болғандықтан көшіп келген. Бұған дейін екеуінің араларын бір қыл өтпеген.

"Ол тоқалды үйге 2022 жылы алып келді. Әуел баста, оның бұл ойына қарсы шықтым. Аулада үш үй бар. Сондағы бір үйде ата-енем, екіншісінде біз, үшіншісінде тоқал тұрды. Кейін оған біздің үйден 3 шақырым жерден басқа үй алып берді", – деді Бұлтай Қайса.

Айта кетейік, қазір ер адам қаладағы ең танымал емшілердің бірі. Ол қызметі үшін адамдардан 5 теңгеден алады. Ал келушілер жасына қарай оған 20, 30, 40, 50 мың теңге шамасында төлейді екен. Тіпт оған "Тәуелсіз Қазақстанның қаһарманы" деген төсбелгісі де берілген. 

Фото видеокадрдан скриншот жасалған

Алайда күйеуі бәйбішесінің "күн көрсетпеді", "ұрды" деген сөздерін жоққа шығарды. Оның айтуынша, әйелі бір күні ешкімге айтпай үйден кетіп қалған. Тоқал алып беру туралы ойды әйелі айтты деп отыр.

"Маған келіп жатқан адамдардың арасынан әйелді таңдап беремін, сөйлесемін деп айтты. Бұған дейін бір келіншек жолымды аштырып, тезірек тұрмысқа шығайын деп келген. Өзі қатты діндар адам. Ол жәннаттылық болайын деп тоқал алып берді. Кездесуде де өзі отырды. "Қытайда екі ғана баламыз болды, енді көп балалы болуға тиіссіз" деп рұқсатын берді. Жалпы айтқанда, осы кісінің мәжбүрлеуімен алдым. Менің ойымша, жолдасымның психикасында аздап ауытқу бар. Бұған дейін жасаған жақсылығымның бәрі ұмытып, қазір маған қара дақ жағып отыр", – деді ер адам Абданбек Мамырбек. 

Ал тоқалы Фаридаштың сөзінше, ол күйеуге 37 жасында шыққан. Ол кезде әбден ойланып, нақты шешімге келгенін айтады. Оның көзіне ерлі-зайыптылар өте сыпайы, иман жүзді болып көрінген. Сондықтан осы отбасына тоқал болуға келіскен. Тоқал бәйбішемен сөзге келмей, керісінше, үйге қайтқанын тілеп отыр. 

Бұлтай Қайсаға заңгерлер көмектесіп, өзінің атындағы үйін сатып жіберді. Қазір ол бұрынғы заңды некедегі күйеуімен бірге тұрмайды. Балаларын алып кетті.

«Сағаты – 100 миллион теңге»: Тұрсен Алагөзовтің бір күндік образы белгілі болды «Алматының түндері-ай»: Қайрат Нұртас орындайтын әннің авторы туындының қалай хитке айналғанын айтты Шалыс басқан жастарға жазаны жеңілдету ұсынылды Украинада 300-ге жуық қазақстандық болуы мүмкін Шымкент әкімі де футболға бөлінетін қаржыны қысқартатын болды АҚШ түшкірсе, Ресей тұмаурата ма: Жаңа санкциялар қандай? «Ота кезінде көп қан кеткен»: Семейлік ана 13 жасар ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлайды Украина мен НАТО шұғыл кеңес өткізеді «Балғамен ұрып өлтірмек болды»: ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны ұрып өлтірмек болған (ВИДЕО) Мұнайшылар ереуілі: Жұмыскерлерге қысым көрсетіліп жатқаны рас па? Жаңа жылда 4 қаңтарға дейін демалыс болмақ eGov қосымшасы арқылы қазақстандықтардың несие тарихы қадағаланады Елімізде банан емес, адам саудасы «қызып» тұр Журналист Гүлмира Әбіқай елден ақша жинайтын тағы бір қайырымдылық қорының былығын ашты Бокстан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды? Нұрбике Нұрқаділова өмірден өтті: Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары соңғы сұхбатында қандай шындықты айтып кетті? Майқайыңдағы масқара: Ағасы мен қарындасы зорланған «Зорлады» деп жалған арыз жазатын нәзік жандылар азаймай тұр «Бейбітшілікті қалайтындарға түкіргені бар»: Зеленский Путиннің мәлімдемесіне жауап қатты Путин Украинаға атқылаған «Орешник» зымыраны сәтті сыналғанына сүйінші сұрады