Сабақтар 45 емес, 40 минуттан: Қазақстанның бір өңіріндегі мектептерде өзгеріс енгізілді
Мектептерде бала саны күрт көбейіп, сабақ уақыты қысқарып жатыр.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, енді Павлодардағы барлық мектептерде сабақтар 40 минуттан өткізіледі.
Сабақ уақытына қатысты түзетулер мектептердегі оқушы санының көптігіне байланысты енгізілген. Мысалы, қаладағы №39 мектепте екінші ауысым оқушыларының сабақтары 19:30-да аяталады.
Білім басқармасының мәліметінше, қоңыраулар кестесі бекітілген денсаулық сақтау стандарттарына сәйкес жасалған. Рұқсат етілген ең көп сабақ уақыты - 45 минут. Бұрын сабақ уақыты әр мектепте әртүрлі болған.
“Екінші ауысымдағы соңғы сабақ 19:20 - 19:30 шамасында аяқталады, бұл үлкен мектептерде. Мысалы, №39 мектеп. Оларда барлығы 97 сынып бар. Ал мектепте небәрі 57 кабинет. Қалай болғанда да, бұл мәселені шештік", – дейді Павлодар қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Жанат Асайынова.
Ең аз үзіліс уақыты – 5 минут. Қоңыраулар кестесі қазір көпшілік мектепте бірдей. Кейбір мектептерде тамақтануға байланысты үзіліс уақыттарында өзгерістер бар.
Қазір ресми түрде Павлодардағы 7 мектепте оқушылар шамадан тыс көп. Барлығы ауысым жүйесімен жұмыс істейді.
Материал авторы