Солтүстікке көшіреміз деген шенеуніктер 1 миллиард теңге ақша жымқырған

13.09.2024, 15:15
1009
Солтүстікке көшіреміз деген шенеуніктер 1 миллиард теңге ақша жымқырған md.kp.media

Прокуратура органдары азаматтарды оңтүстіктен солтүстік өңірлерге ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасын іске асыруға бөлінген мемлекеттік қаражаттың жұмсалуына талдау жүргізді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жалған құжаттарды пайдалана отырып азаматтарды жалған қоныс аудару жолымен 1 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқыру және оны теріс пайдалану фактілері анықталған. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді.

Қоныс аударушылар болып жалған адамдар есепке алынған, ал құжаттар төмен бағамен сатып алынған көрінеу тұруға жарамсыз немесе апатты ғимараттарға рәсімделген. Азаматтар кей жағдайда өздерінің құжат бойынша қоныс аударылғанын білмеген. 

Мұндай фактілер Шығыс Қазақстантан, Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Абай және Ұлытау облыстарында анықталды.

"Мысалы, Павлодар облысының Успен ауданында "Еңбек мобильділігі орталығы" КММ-нің қызметкері арзан үйлерді тауып, қоныс аударушыларға жоғары бағамен сатуды ұсынып, мемлекеттен алынған қаражаттың бір бөлігін өзіне қалдырып отырған. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, орталықтың қызметкері үйқамаққа алынды. Шығыс Қазақстан облысында қоныс аударушылар мен сатушылар арасында сөз байласу жағдайлары анықталды, олар мемлекеттік көмекті алу үшін жалған шарттар жасап, одан кейін бұл қаражатты бөліскен", – делінген хабарламада.

Одан әрі азаматтар бұрынғы мекенжайларында тұра берген. Солтүстік Қазақстан облысының Мәмлүт ауданында қоныс аударушы үйдің нақты бағасы мен мемлекеттен төленген қаражаттың арасындағы айырмашылықты иемденіп алған. Күдікті алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, бір жылға бас бостандығын шектеуге сотталды.

Жалпы прокурорлар 20 сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісін бастады.

"Тергеу барысында қатысы бар барлық адамдарды анықтау, оларды жауапкершілікке тарту, сондай-ақ келтірілген залалды өтеу шаралары қабылдануда. Нормативтік актілердегі олқылықтарды жоюжәне бағдарламаны іске асыруды бақылау жүйесін күшейту мақсатында үкіметке қадағалау актісі енгізілді", – деді бас прокуратура.

2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды