Димаштың елордалық жанкүйерлері концерттен кейін стадионды қоқыстан тазартты

Аиса Махамбет Редактор
14.09.2024, 09:50
969
Димаштың елордалық жанкүйерлері концерттен кейін стадионды қоқыстан тазартты бейнежазбадан алынған кадр

Димаштың жанкүйерлері көпті таңғалдырды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының көрермендері мен қонақтары Димаш Құдайбергеннің "Астана Арена" стадионындағы концертінен кейін стадионды қоқыстан тазартты.

Мұндай тазалық акциялары елордада тұратын әрі қаланың тазалығына бей-жай қарамайтын тұрғындар үшін игі дәстүрге айналды.

Көрермендер арасында шетелдік қонақтар да болды, олар жанкүйерлердің белсенділігіне және олардың саналы көзқарасына таң қалды. Тазалық акциясына «Астана Жастары» КММ белсенділері, еріктілер, сол сияқты жанкүйерлер де қосылды.

Естеріңізге сала кетейік, 13 және 14 қыркүйек күндері "Астана Арена" стадионында Димаш Құдайбергеннің ауқымды концерті өтіп жатыр. Көрермендерге ыңғайлы болу үшін концерт өтетін орынға арнайы автобустар қатынайды. Арнайы автобустармен жүру үшін концерт билеті болуы қажет.

Айта кетейік, елордада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экоакциясы өтіп жатыр. Сонымен қатар, елордада жаңадан Taza Astana әлеуметтік жобасы іске қосылды. Жоба құқықтық тәртіп, абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалау, көппәтерлі тұрғын үйлердің, үй жанындағы, кварталішілік және аула аумақтарының тазалығы мәселелері бойынша жүйелі жұмыс жүргізуге бағытталған.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады