583

Алматы облысында жедел жәрдем көлігі екі қызды қағып кетті

12 қыркүйекі күні Есік қаласында жедел жәрдем жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан екі қызды қағып кетті.

Алматы облысында жедел жәрдем көлігі екі қызды қағып кетті
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі Есік қаласындағы Алтын Адам аллеясы көшесімен келе жатып жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан екі қызды қағып кетті.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол апатына қатысты әкімшілік іс қозғалды.

Зардап шеккен екі қызға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, олар амбулаторлық ем алуға жіберілді. Жедел жәрдем арнайы көлік тұрағына қойылды.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор