«Нан табу үшін темір саттым»: Елдос Сметов балалық шағын есіне алды

Аиса Махамбет Редактор
14.09.2024, 14:30
670
«Нан табу үшін темір саттым»: Елдос Сметов балалық шағын есіне алды бейнежазбадан алынған кадр

Париж Олимпиадасының чемпионы, дзюдошы Елдос Сметов бала күнінде тұрмыс тауқыметін тартқанын айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, спортшы нан табу үшін кез келген жұмысты істеген көрінеді. “Түнгі студия” бағдарламасында қонақ болып, балалық шағын есіне алды. 

“Біздің бала кезіміз қиын кезеңге тап келді. Көшеден темір жинап өткізетінбіз. Ата-анамыз жұмысқа кеткенде кейбір кезде үйде нан болмай қалып қарнымыз ашатын. Кейде ашпыз, кейде тоқпыз. 1998-99 жылдары сондай қиын кезең еді. Қазіргі таңда Аллаға шүкір әрқайсымыздың отбасымызда нанымыз бүтін. Дастарханымызда түк жоқ деген күннің өзінде нан, шай, кәмпитіміз тұрады", – деді дзюдошы. 

Сондай-ақ, анасы нан табу үшін біреудің үйін тазалағанын да айтып берді. 

Мен ата-анамның біз үшін қалай еңбек еткенін көрдім. Оның бәрі есімде.  Ауылда тұрдық, әкем қалаға кетіп, құрылыста жұмыс істеді. Анам үйде отырды. Бір тостақ ұн үшін біреудің үйін тазалаған сәттері болды. Оны өз көзіммен көріп өстім. "Мама, қарным ашты, нан жегім келіп тұр" деген кезде анам балаларының бәрін құшақтап жылайтын. Мұның бәрі кеше болғандай көз алдымда тұр. Оны ұмытып кетсем, баршылыққа, атақ-абыройға мастанып кетсем ол менің надандығым болады деп ойлаймын. Бұл бір жағынан ата-анама жақсы өмір сыйлауға, жетістікке қол жеткізуіме, тоқтамай еңбек етуіме мотивация болды", – деді спортшы. 

 

Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады «Судья тіке қарай алмады»: Шымкентте сотты «дуалады» деген балгер тергеліп жатыр «Бір сәтте мені қаралап, үміт үздірді»: Қаржаубай Айтбек Амангелдімен не үшін байланыс үзгенін айтты Алматыда жындыханадан қашқан ер адам іздестіріліп жатыр Трамп Иранға соққы беруді мақұлдады Талдықорған тұрғынының үйінен екі басты жылан табылды Атырау тұрғындары тұрмысы төмен жандар үшін далаға тоңазытқыш орнатты «Желідегі парақшалары тексеріледі»: Гарвард қазақ студенттерін оқытуды жалғастырады Ақтөбе облысында қоқыс шұңқырына құлаған 9 жасар қыз бен ер адам қайтыс болды Назарбаев Университетінің студенті жатақхана бөлмесінде өлі күйінде табылды: Министр пікір білдірді Comic Con Astana 2025 Tekken 8 бойынша халықаралық турнир өтетін алаңға айналады Макрон Израильді Иранға шабуылдамауға шақырды Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты іс прокуратураға жіберілді «32 мың теңге шамасында»: Еңбек министрі өзінің зейнетақысын қанша көлемде болатынын айтты Хаменеи: АҚШ соғысқа араласса, өзі таяқ жейді Абай Бегейдің қызы мен күйеу баласы қамауға алынды «Бұл – қылмыс»: Иран зымыранмен Израильдегі аурухананы атқылады Бүгін өңірлерде аптап ыстық болады «Әділетті қоғам құруға тың серпін»: Қызылордада «Заң және Тәртіп» форумы өтті