"Балаларым 5-10 тиыныма қарап отырған жоқ": "Мақсат пен Мақсат" тобының бұрынғы әншісі алимент төлемейтінін айтты

Аиса Махамбет Редактор
14.09.2024, 15:15
1038
"Балаларым 5-10 тиыныма қарап отырған жоқ": "Мақсат пен Мақсат" тобының бұрынғы әншісі алимент төлемейтінін айтты бейнежазбадан алынған кадр

“Мақсат пен Мақсат” тобы болып танылған Мақсат Ынтықбаев жеке өмірінен сыр шертті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі “Астарлы ақиқат” бағдарламасында сұхбат беріп, алғаш рет отбасы туралы айтты. 

“Жағдайдың бәріне позитивпен қарауға тырысамын. Сахнадан кеткеннен кейін біраз уақыт қиналғаным рас. Бірақ ауруханаға баратындай жағдай болмады. 2009 жылы өнерді ғана ойлап өткіздім. 2014 жылы жолдасыммен арамыз дұрыс болмай, ажырасып кеттік. Алматыда жалғыз тұра бердім. Бірақ қатты қиын екен. Ол кезде шешем тірі еді. Сол кісінің жанында боламын деп шешім қабылдап, ауылға тартып кеттім. Үш жылдай жанында болдым. Анам да өмірден өтіп кетті”, – деді әнші. 

Өнер иесінің айтуынша, бірінші отбасымен араласпайтын көрінеді. 

“Аллаға шүкір, 2020 жылы екінші рет шаңырақ көтердім. Екі қыздың әкесімін. Бірінші некемнен екі ұл, бір қызым бар. Үлкен ұлым – 20-да. Оның жасында мен балалы болғанмын. Аналары екінші рет тұрмыс құрып кетті. Қазір ол кісімен амандасуға да құқығым жоқ. Бұрынғы әйеліме алимент төлемеймін. Ол жақты мақтағым да, даттағым да келмейді. Жағдайыма қарай беріп тұрамын. Олардың жағдайы дәл қазір менен де жақсы. Олар менің 5-10 тиыныма қарап қалған жоқ. Мені түсінеді. Бұрынғы әйеліммен араласпаймын. Ол қазір біреудің әйелі. Бақытты болсын!”, – деп жан сырын ақтарды өнер иесі. 

«Назарбаев ұлтшыл жігіттерді биліктен алыстатты» – Санжар Керімбай «Көріпкелдің арқасында»: Ұлықпан Жолдасов неліктен шашын қысқартпайтынын түсіндірді Жамбылда екі мектеп оқушысын көлік қағып кетті (ВИДЕО) «Жастарым да «көгілдір»»: Ринат Зайытов мәдениет саласындағы марапат алғандарды сынады Әлішер Каримов президенттің қолынан Халық әртісі атағын алды (ФОТО) «Сондай жағдай болып қалды»: Сотталушы Шерзат Болаттың отбасынан кешірім сұрады Сотта Шерзат Болаттың мәйітінің суреті көрсетілді Сәтбаев университетінің заңсыз сатылған жатақханасы қайтарылды «Шерзатқа пышақты мен салдым» деген едіңіз»: Абзал Шынасыл тағылған айыпты жартылай мойындап отыр «Кезби» мұнай компаниясының басшысы Ержан Кезбаев 3 млрд теңге ақша жымқырғаны үшін сотталды Кісі өлтірді деп айыпталған Абзал Шынасылдың сөздері күмән тудырып жатыр 52 жастағы әйелге найзағай түсіп қаза болды «Анам жылап жіберді»: әнші Бүркіт төртінші сәбиін перзентханадан ерекше қарсы алды (ВИДЕО) Психдиспансерде есепте тұрған ер адам полицейдің мойнын орып жіберген «4 ай жоспарлаған»: Көкшетауда 23 жастағы күдікті бастықтың ұрысқанын көтере алмай оны өлтіріп кеткен Мысыр әуежайында көз жұмған Ақмарал Мұқанованың денесі елге жеткізілмек «Шерзатты ұрған жоқпын, өзі шалынып қалды»: Абзал Шынасыл кімді пышақтағанын айтты Сирияны қайта аяққа тұрғызу үшін барлық санкциялар алынып тасталды Magnum дүкендерінде рейд жүргізіп, ақша бопсалаған блогер сотталып кетті «Найзағай мен бұршақ»: Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды