Рим папасы АҚШ сайлауындағы екі кандидатты да жаратпай тастады

Аиса Махамбет Редактор
14.09.2024, 16:34
862
Рим папасы АҚШ сайлауындағы екі кандидатты да жаратпай тастады Kazinform

АҚШ-тағы сайлауды сынға алды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ президенттігіне үміткерлердің екеуі де — Дональд Трамп пен Камала Харрис «өмірге қарсы шығушылар». Бұл туралы Рим папасы Франциск Оңтүстік-Шығыс Азия мен Океания елдеріне апостолдық сапарын аяқтап, Сингапурдан келе жатқан ұшақ бортында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Бұл туралы Kazinform жазды. 

— Екеуі де өмірге қарсы: бірі мигранттарды қуып жіберсе, екіншісі балаларды өлтіруде, — деді понтифик АҚШ-тағы сайлау туралы сұраққа жауап беріп. 

ANSA агенттігінің хабарлауынша, журналистер 87 жастағы понтификтен «бірі түсік жасатуды жақтайтын, екіншісі мигранттарды депортациялайтын кандидаттарды таңдау кезінде католик сайлаушыларға қандай кеңес бересіз?» деп сұраған. 

— Мигранттарды елден қуып жіберу, олардың дұрыс өмір сүруіне мүмкіндік бермеу, дамытпау — жаман нәрсе, зұлымдық. Баланы анасының құрсағынан шығару — кісі өлтіру. Мұнда анықтық қажет. Қазіргі саясатта дауыс бермей қалыс қалу дұрыс емес дейді, ал егер дауыс берсең, «зұлымдығы барынша азын» таңдау керек: қайсы болса да (Дональд Трамп немесе Камала Харрис) — әркім өз ар-ожданына қарай таңдағаны жөн, — деп кеңес берді Рим католик шіркеуінің басшысы.

Франциск бұған дейін Трампты мигранттарға қатысты саясаты үшін жанама айыптап, «қабырға тұрғызғанды жақсы христиан деп санауға болмайтынын» айтқан. 

Папаның АҚШ-тың бұрынғы президентімен өзге де келіспеушіліктері болғаны белгілі. Мысалы, Трамптың климат бойынша Париж келісімінен шығу шешімі аясында климаттың өзгеруі мәселесі. 

Қазіргі президент Джо Байден — католик дінін ұстанушы, бірақ түсік жасату құқығын қолдайды. Трамп және оны қолдаушы консервативті католиктер түсік жасатуға қарсы.

Вице-президент Камала Харрис пен бұрынғы президент Дональд Трамп Филадельфиядағы (Пенсильвания) ұлттық конституция орталығындағы теледебатта алғаш рет кездесті.

Ресейде теракт жасамақ болған жасөспірім тұтқындалды «Екінші рет алып жатырмыз»: Мақпал Жүнісова қызы Мерейдің туған күніне ерекше сыйлық жасады Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО)