Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасы 44 алтын жүлде иеленіп, жалпы есепте бірінші орынмен аяқтады

14.09.2024, 17:16
903
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасы 44 алтын жүлде иеленіп, жалпы есепте бірінші орынмен аяқтады Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

Бүгін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өз мәресіне жетіп, Қазақстан құрамасы 44 алтын, 33 күміс, 37 қола жүлдемен жалпы командалық есепте бірінші орын алды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының соңғы күнінде Қазақстан құрамасы теңге ілудің жеті құт стилінен Бақыт Төлтай алтын жүлде алды.

Құсбегілік Этноауылда құсбегіліктен өткен ақтық сында бүркіт салудан Серікбек Күнтуған да алтын жүлдеге ие болды. Ал күмісті Ержан Байқадамов, қола жүлдені Арман Қошқаров иеленді.

Қырғыз халқының ұлттық ойыны ордодан ақтық сында Қазақстан құрамасы 96:18 есебімен Қырғызстан спортшыларына есе жіберіп, күміс жүлдеге ие болса,  түрік халқының зияткерлік ойыны мангаладан әйелдер арасында Құндыз Есіркеп алтын жүлде жеңіп алды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы 44 алтын, 33 күміс, 37 қола медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте 1-орынға жайғасты. 18 алтын, 21 күміс, 25 қола иеленген Қырғызстан құрамасы 2-орынға табан тіресе, Өзбекстан 11 алтын, 12 күміс, 11 қола жүлдеге қол жеткізіп, 3-орынға тұрақтады.

Айта кетейік, Астанада өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 90-ға жуық елден 2000-нан астам спортшы бақ сынады. Жалпы саны 97 медаль жиынтығы сарапқа салынды. 

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады