«Үлкендер кішілерді тәрбиелеген»: 9-сынып оқушысы көз жұмған Қопа ауылындағы мектепте әлімжеттік фактісі жасырылып келген

Аиса Махамбет Редактор
14.09.2024, 18:32
727
«Үлкендер кішілерді тәрбиелеген»: 9-сынып оқушысы көз жұмған Қопа ауылындағы мектепте әлімжеттік фактісі жасырылып келген facebook.com/Динара Зәкиева

Балалар жөніндегі жедел уәкіл Динара Зәкиева 9-сынып оқушысы қаза тапқан Ақтөбе облысындағы Қопа ауылына барды. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Динара Зәкиева оқушының өлімінің мән-жайын анықтау және мектептегі жағдайды тексеру үшін барлық қызметтердің, соның ішінде психологтың, мектептің әлеуметтік қызметкерінің және кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторының жұмысымен танысқанын атап өтті.

"Аудан прокурорымен бірлесе отырып, оқушылар арасында анонимді сауалнама жүргіздім, сондай-ақ өткен жылы психолог жүргізген сауалнаманы да талдадым. Талдау нәтижесінде мектепте балалар арасында "система" бар екені анықталды. Бұл жүйе бойынша үлкендер өзінен кішкентайларды "тәрбиелейді" екен, сондай-ақ бопсалау белгілері және басқа да шұғыл араласуды қажет ететін мәселелер де анықталды. Ссы нәтижелердің барлығы аудан әкіміне, мектепке және жергілікті полицияға ұсынылды", – деді балалар омбудсмені әлеуметтік желідегі парақшасында.

Зәкиева буллинг мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық мәселесі еліміздің барлық өңірінде өзекті болып отырғанын атап өтті. 

"Президент әкімшілігімен және мемлекеттік органдармен әрбір мектепке жеке кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторды қайтару бойынша бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз. Бұған дейін әр мектепте өз инспекторы болған, бұл оң нәтиже берген еді. Кейін инспекторлардың көпшілігі учаскелік полиция бөлімшелеріне ауыстырылды. Қопа ауылы орналасқан Темір ауданында 27 мектепке бар болғаны үш инспектор болған, ал ауылдар арасындағы қашықтық көлікпен 2-3 сағатқа дейін барады. Облыста 430 мектеп болса, инспекторлар саны 60 қана. Бұл мектептердегі балалар арасындағы қылмыстың өсуіне әсер етеді”, – делінген жазбада. 

Балалар омбудсменінің айтуынша, өңірлерде балалардың құқықтарын қорғауға және барлық қажетті шараларды үйлестіруге жауапты, бақылау функциялары бар органдар жоқ.

"Қазір мектептер оқу орны мен директордың имиджін сақтау үшін заң бұзушылықтар мен келеңсіз процестерді жасырады, өйткені соңында олар жазаланады. Осыған байланысты әлеуметтік педагогтарды балалардың құқықтарын қорғау департаменттері мен басқармаларының (құрылған кезде) құзырына беру қажет", – деді Динара Зәкиева.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды