Тараз тұрғыны жылдар бойы әуреге салған полицейлерден 300 мың өндіріп алды

Аиса Махамбет Редактор
15.09.2024, 12:32
781
Тараз тұрғыны жылдар бойы әуреге салған полицейлерден 300 мың өндіріп алды ашық дереккөзден

Тараз тұрғыны 2019 жылдың қыркүйегінен бері өзінің Ресей азаматы емес екенін дәлелдей алмай жүр. Мәселе таяуда ғана сот қаулысымен шешімін тапты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2019 жылы Тараз қаласы тұрғынының халыққа қызмет көрсету орталығына барып, қайта тіркеуге және жеке куәлігін ауыстыруға өтініш берген. Бірақ олар бас тартқан. Бұл туралы Kazinform жазды.

ХҚО оның Ресей азаматтығын қабылдауына байланысты Қазақстан азаматтығынан айырылғаны туралы ІІМ дерекқорындағы жазбаны көрсетеді. 

Содан бері ол Ресей азаматтығын қабылдамағанын айтып, бірнеше рет полицияға хабарласқан.

Осылайша арызданушы 3 жыл бойы өзінің Қазақстан азаматы екенін дәлелдей алмаған.

2023 жылдың мамырында РФ Сыртқы істер министрлігі Тараз тұрғыны Ресей азаматтығын алуға өтініш бермегенін, Ресей Федерациясы ішкі істер министрлігінің ақпараттық жазбаларында оның азаматтық алғаны туралы мәлімет жоқ екенін хабарлады. 

Осы хат пен қызметтік тексеру қорытындысы негізінде полиция департаменті азаматтың жеке куәлігінің жарамсыз деген мәртебесін жойды.

Ол полиция департаментінен моральдық шығын үшін 3 млн теңге өндіріп беруді сұрап Тараз қалалық сотына жүгінген.

Сотта жауапкердің өкілі бар кінәні шетел мекемесі — Ресей Федерациясының федералдық көші-қон қызметі басқармасына жауып, талапты мойындамады. 

Сондай-ақ, қаңтар оқиғасы кезінде (2022 жылы) әкімшілік ғимараттардың қирауына байланысты жәбірленушінің полицияға (2019-2020 жылдары) жүгінгені туралы ақпарат жоқ болып кеткені айтылды.

Қазақстан азаматтығын жоғалтудағы жауапкердің кінәсі анықталған жоқ.

Сонымен қатар, жауапкер талап қоюшының өтінішін уақтылы қарамаған, оның ішінде полиция қызметкерлерінің 3 жылдан астам уақыт бойы оның конституциялық құқығын қалпына келтіру үшін тиісті шара қабылдамаған, салдарынан ол ұзақ уақыт бойы нақты құқықтық мәртебесіз өмір сүрді.

Сөйтіп сот осының бәрі моральдық азап шегуге әкеп соқты деген қорытындыға келді.

Осыны ескере отырып, талап ішінара қанағаттандырылды. Яғни полиция департаментінен 300 мың теңге моральдық шығын өндірілді.

Шешім заңды күшіне енді. 

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды