2197

Алматыдағы ақылы терминалда жол апатынан жүргізуші көз жұмды

Жүргізуші рөлді басқара алмай қалған.

Алматыдағы ақылы терминалда жол апатынан жүргізуші көз жұмды
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы облысында жол-көлік оқиғасынан бір адам қаза тапты. Осы факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Kazinform жазды.

Chevrolet Cobalt жүргізушісі Алматы-Өскемен автожолының 25-шақырымында келе жатып, рульді басқара алмай, бетон қоршауға соғылған.

Содан кейін инерция бойынша алдында тұрған Hyundai Sonata автокөлігімен соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан Chevrolet Cobalt жүргізушісі сол жерде қайтыс болды. Тергеу жалғасып жатыр», — дейді Алматы облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Елжан Чупеков. 

Өңір полициясы жол қозғалысының барлық қатысушыларын белгіленген жылдамдық режимін мүлтіксіз сақтауға және жол ережесін бұзбауға шақырады.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор