2287

Ресейлік депутат батысты қорқыту үшін ядролық бомба жаруды ұсынды

Ресей депутаты Андрей Колесник сынақтардың бір бөлігі ретінде ядролық бомбаны жаруды ұсынды. Бұл туралы Lenta.ru мәлімдеді.

Ресейлік депутат батысты қорқыту үшін ядролық бомба жаруды ұсынды
rbc.ru

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, депутат осылайша батыс саясаткерлеріне ядролық қару қаупі барын ескерту керегін жеткізді.

"Бір полигонда ядролық жарылыс жасауымыз керек. Қазір елімізде мұндай сынақтарға тыйым салынған, бірақ мұның соңы неге әкелетінін адамдар көру керек... Мораторий алынып тасталса, адамзат жақсылап ойланатын шығар", – деді ол. 

Депутат бұл мәлімдемені Украина туралы сөз қозғаағанда айтқан. Оның пікірінше, бұл бейбіт тұрғындар үшін ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.

Материал авторы