890

«Мұндай қылмысты істеген жоқпын»: Ақтауда ер адам өзіне пышақ сұғып, терезеден секіріп кеткен (ВИДЕО)

Желіде ішіне пышақ сұғып, терезеден секірген ер адамның видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz жазды.

«Мұндай қылмысты істеген жоқпын»: Ақтауда ер адам өзіне пышақ сұғып, терезеден секіріп кеткен (ВИДЕО)
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, оқиға Ақтауда 28А шағынауданында орналасқан №4 үйде болған.

Ер адам секірер алдында "мен мұндай қылмысты істеген жоқпын" деп өзіне пышақ сұғады. Ол төртінші қабаттан секіріп, мерт болды.

"Өзін-өзі өлтіруге итермелеу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады полиция департаменті.

Олар барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын баса айтты.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор