«Өзіме ызам келді»: Елдос Сметов Олимпиадада неліктен қатты намыстанғанын айтты

Аиса Махамбет Редактор
16.09.2024, 12:32
1076
«Өзіме ызам келді»: Елдос Сметов Олимпиадада неліктен қатты намыстанғанын айтты бейнежазбадан алынған кадр

Ағылшын білмегені үшін қатты өкінгенін айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов YouTube желісіндегі "Қызық Times" бағдарламасына берген сұқбатында ағылшын тілін білмегені үшін намыстанғанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазды. 

Париж Олимпиадасының алтын еншілеген дзюдошы Елдос Сметов өзге спортшылармен ағылшын тілінде емін-еркін тілдесе алмағаны үшін қатты намыстанғанын айтты. Енді алдағы уақытта ол ағылшын тілін меңгеруге тырысатынын жеткізді. 

"Осы Олимпиадада ағылшын тілін білмеуім қатты намысыма тиді. Енді осы бір дүниені қолға алсам деп отырмын.

Такатодан бөлек, бүкіл әлемде қарсыластарым, достарым бар. Олармен тілдесейін десем, ойымды емін-еркін жеткізе алмаймын. Осыған дейін оларды түсіне алмайтынмын. Соның өзінде бұл мәселе мені аса бір алаңдатпайтын.

Олимпиада ойындарын ұтқан соң кешке гала-ас ұйымдастырылып, осы жиынға басшылық пен Олимпиада чемпиондары жиналды. Бәрі келіп құттықтап жатыр. "Congratulations" (құттықтаймын) деген жерін ғана түсініп, "thank you" (рақмет) деп қоямын. Сөйлеп жатыр, бірдеңелерді айтып жатыр, мен қарап тұрдым да, түсінбегеніме қатты намыстандым. Арасында "legend" дегенді түсініп, оған да рақметімді айтамын, болды, басқа ештеңе түсінбеймін. Түр жасап алып, рахметімді жеткіземін, бірақ не айтып тұрғанын мүлде түсініп тұрған жоқпын. Мақтап жатқанын ғана сезіп тұрмын. Сол кезде талай жарысқа бардым, талай елде болдым, әлемді ұттым, үш Олимпиадада жүлде алдым, неге осы уақытқа дейін үйреніп, жаттап алмағанмын деп өзіме ызам келді. Енді алдыма бірінші қойған мақсатым – ағылшын тілін үйрену", - деді Елдос Сметов. 

Айта кетейік, Елдос Сметов Париж татамиіндегі доданың финалында франциялық дзюдошы Лука Мхеидзені жеңіп, алтын медаль еншілеген еді. Осылайша, дзюдодан Қазақстан тарихындағы алғашқы Олимпиада чемпионы атанды.

«Кемпір-шал»: Сәкен Майғазиев пен жары бір-біріне қандай ерекше ат қойғанын айтты Баян Мақсатқызы алғаш рет қыздарының түрін көрсетті (ФОТО) «300 миллион теңге»: Мөлдір Әуелбекова әншілерге қатысты шындықты жайып салды Өзбекстан азаматтарынан 5 келі насыбай тәркіленді Ақтауда мойны терең жараланған тірі итбалық табылды Шерзаттың сотында прокурор екі куәгер қызды тексеруді сұрады Германия басшысы Нетаньяхуға Газа секторына гуманитарлық көмекті күшейтуді ұсынды Отандық әнші 20 жыл бұрын күйеуі шетелге алып кеткен ұлын еске алып жылап қалды (ВИДЕО) Сақинасын шеше алмаған әйел құтқарушыларды шақырған Роза Рымбаеваға балмұздақ үшін айыппұл салынды (ВИДЕО) Қарағандыда екі жастағы бала пойыздың астына түсіп, мерт болды Қазгидромет маусым айына арналған ауа райы болжамын жариялады Ақтөбеде қызғалдақпен суретке түскен ауыл әкімінің ісі көшпелі сот отырысында қаралады Олигархтардан қайтарылған ақшаға Ұлытауда су құбырын жүргізбек Тоқаев Байқоңырдың 70 жылдығымен құттықтады Жынысын ауыстырған блогер өзіне министрдің ғашық екенін айтты «Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты 18 жастағы бозбала ақша үшін 85 жастағы атасын өлтіріп тастады Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО) 18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған