«Ауылдан шыққан алғашқы чемпион»: Көшпенділер ойындарының жеңімпазы Бақыт Төлтайға жерлестері ат мінгізді

Аиса Махамбет Редактор
16.09.2024, 13:48
1118
«Ауылдан шыққан алғашқы чемпион»: Көшпенділер ойындарының жеңімпазы Бақыт Төлтайға жерлестері ат мінгізді әлеуметтік желі

Көшпенділер ойындарында алтын медаль жеңіп алған Бақыт Төлтайға құрмет көрсетті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында теңге ілуден "жеті құт" стилі бойынша алтын медаль алған Бақыт Төлтайды ауылдастары сән-салтанатпен қарсы алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазды. 

Қарсылас шақ келтірмей, Көшпенділер ойындарында алтын медаль жеңіп алған Бақыт Төлтай – Түркістан облысы Арыс қаласына қарасты Монтайтас ауылының тумасы. Дүбірлі додадан жеңіспен оралған спортшыны жерлестері Шымкент әуежайынан сән-салтанатпен күтіп алған. Оны қарсы алуға туған-туыстары, ақсақалдар, кәсіпкерлер мен ауыл жастары қатысқан.

Монтайтас ауылдық округі әкімдігінің бас маманы Нұрсұлтан Шойбековтің айтуынша, тұрғындар мен кәсіпкерлер, ауыл жастары бірлесіп, көшпенділер ойындарының чемпионына тұлпар мінгізді. Сондай-ақ әкімдік тарапынан арнайы алғыс хат пен теледидар берілген.

Ал спортшының жеке бапкері Мадияр Жүсіпханға қаржылай сыйлық беріліп, дәстүр бойынша шапан жапқан.

"Бақыт Төлтай бауырымыз жеңіске жеткен сәтте қатты қуанып, ауыл азаматтары астына тұлпар мінгізейік деп шешті. Ол 2020 жылдан бері жарыстарға қатысып, жүлделі орындар алып келеді. Жалпы, Бақыт үлкен додаларға қатысып, біздің ауылдан шыққан алғашқы чемпион болды. Оның бапкері Мадияр Жүсіпхан да Монтайтастың тумасы.

Жарысқа қатысқан тұлпардың аты – Баққара. Ол да осы ауылымыздағы Оралхан деген ағамыздың аты. Бақыт оны үш жылдан бері баптап, жарыстарға шығып жүр", - деді Нұрсұлтан Шойбеков.

Оның сөзінше, қазіргі таңда ауылда спорт үйірмелері дамып келеді. Соның арқасында қазақша күрестен ауыл балалары облыстық деңгейдегі жарыстарда топ жарған. Ауыл әкімдігінің өкілі Бақыт Төлтайдың бұл жеңісі жас балаларға мотивация беретінін айтады.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды