Johnson & Johnson Қазақстанда брендті жаңартып жатыр

16.09.2024, 18:10
1892
Johnson & Johnson Қазақстанда брендті жаңартып жатыр jnj.com

135 жылдан астам уақыттан соң Johnson & Johnson логотипіне өзгеріс енгізіп, ребрендинг жасады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 135 жылдан астам уақыт бойы Johnson & Johnson бүкіл әлем бойынша денсаулық сақтау саласындағы өнімдер мен шешімдерді әзірлеп, жеткізіп келеді. Өзінің тәжірибесі мен құзыреттілігін көрсету үшін 2023 жылы компания фармацевтикалық тауарлар мен медициналық технологиялар бөлімшелерін біратпен біріктіру арқылы брендті жаһандық деңгейде жаңартты. Бұл ретте ұйым инновацияларға және денсаулық сақтаудың күрделі мәселелерін шешуге баса назар аударады.

Ребрендинг Johnson & Johnson үшін жаңа дәуірдің басталуын білдіреді, оның инновациялық медицина және медициналық технологиялар саласындағы тәжірибесі күрделі аурулардың алдын алу және емдеу үшін кеңінен қолданылады. Сонымен қатар, компания қатысудың барлық аймақтарында пациенттер үшін неғұрлым технологиялық, аз инвазивті және мүмкіндігінше жекелендірілген шешімдерді енгізеді.

Johnson & Johnson Kazakhstan ЖШС Бас директоры Әділет Назарбаев: "Біз Қазақстан нарығына 10 жылдан астамуақыт бойы қатысып келеміз және тарихымыздың жаңа парағының ашылғаны туралы қуана хабарлаймыз. Johnson & Johnson бірыңғай брендімен бизнесті біріктіру біздің құндылықтарымызға адал бола отырып және қазақстандық пациенттер мен дәрігерлер бізден күтетін қамқорлық деңгейін қолдай отырып, денсаулық сақтауды инновациялар арқылы қайта ойластыруға деген ұмтылысымызды білдіреді".

Енді компанияның екі сегментіфармацевтикалық және медициналық технологиялар сегментіJohnson & Johnson жалпы брендімен жұмыс істейді. Бұл ретте Janssen фармацевтикалық тауарлар бөлімшесі Johnson & Johnson Innovative Medicine атымен жұмыс істейтін болады, ал медициналық технологиялар бөлімшесі бұрынғы атауынJohnson & Johnson MedTech сақтайтын болады.

Бүгінгі таңда компанияның фармацевтикалық сегменті нарыққа денсаулық сақтаудың болашағын өзгертетін революциялық емдеу әдістерін ұсына отырып, әлемде жетекші орынға ие. Johnson & Johnson Innovative Medicine онкология, иммунология, неврология, жүрек-қан тамырлары аурулары, өкпе артериялық гипертензиясы және торлықабық аурулары сияқты салалардағы ең күрделі аурулармен күресу және болашақ ауруларды емдеуде қолдануғаболатын дәрі-дәрмектерді әзірлеу үшін ғылыми білімді қолданады.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді