Алтын орда хандары Рим папаларымен де хат алмасқан – француз тарихшысы

16.09.2024, 18:47
2053
Алтын орда хандары Рим папаларымен де хат алмасқан – француз тарихшысы жеке мұрағатынан

Француз тарихшысы, доктор Мари Фавэро Жошы ұлысының халықаралық дипломатияға ықпалы туралы пікір білдірді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Kazinform агенттігіне берген экслюзивті сұхбатында еуропалық тарихшы көптеген держава мәмлүктерті, византиялықтарды, Генуя мен Венецияны қоса алғанда Алтын ордамен де дипломатиялық қарым-қатынас жасағанын атап өтті.

 

“Бұл жошылықтардың күрделі кеңсесінің болғандығын көрсетеді. Бұл кеңсе мыңдаған құжатты құрады, өйткені хандар сыртқы әлеммен маңызды дипломатиялық хат алмасуды жүргізді. Бұл құжаттардың едәуір бөлігі Ресей мұрағаттарында, сондай-ақ Венецияда, Генуяда, Римде, Венада, Симферопольде, Варшавада және Ыстанбұлда сақталған. Еуропамен байланысқа келетін болсақ, жошылықтардың әсіресе Рим папаларымен арадағы қарым-қатынасы туралы жазбалар қызықты. Оның үстіне, сол кезде Алтын ордамен және оның ішінде қарым-қатынастың барлық түрін жеңілдету үшін итальяндық көпестер, францискандық және доминикандық монахтар жазған сауда-саттық анықтамалықтары мен көптілді глоссарийлер таратылды”, - дейді тарихшы.

Сондай-ақ ол Алтын орда Еуразия тарихына ықпал еткенін және жошылықтардың Ресейдің тарихи дамуына, Орталық Азиядағы исламның таралуына және Еуразияның экономикалық интеграциясына көп әсер еткенін де атап өтті.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)