«Мен туарда әкем ұл күткен»: боксшы Назым Қызайбай жеке өмірі туралы ашып айтты
Париж олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай бала күніндегі естеліктерін бөлісті.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал былғары қолғап шебері Назым Қызайбай отбасы туралы құпиясын 7 арнаға берген сұхбатында айтып берді.
Назым Қызайбай – отбасының үшінші перзенті. Өзінен үлкен ағасы мен әпкесі бар. Алайда әкесі Назымды ұл болады деп үміттенген екен.
«Анамның айтуы бойынша, әкем ұл күткен екен. Жалпы мен бала күнімнен ұлдармен жақсы тіл табысатынмын. Солармен асық атып, футбол ойнап жүретінмін. Қуыршақпен ойнау маған қызы емес болатын», - деді боксшы.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші