Шымкентте баланы таяқпен ұрып тастаған күзетші 3 жылға бас бостандығынан айырылды

16.09.2024, 19:50
802
Шымкентте баланы таяқпен ұрып тастаған күзетші 3 жылға бас бостандығынан айырылды бейнежазбадан алынған кадр

Шымкентте қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты жазда жасөспірімді соққыға жыққан фирмалардың бірінің күзетшісіне үкім шығарды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, сот айыпталушы "G" атты ЖШС-да күзетші болып істегенін мәлімдеді.

Күзетші 2024 жылдың 28 маусымында сағат 12:30 шамасында өзіне жүктелген күзет аумағын тексеріп жүріп, жасөспірімнің футбол алаңы қоршауынан асып түскенін көріп, оны ұстап алған. 

"Баланың кешірім сұрағанына қарамастан, қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланып, резеңке таяқшасымен оның басы мен кеуде тұсынан бірнеше рет ұрып-соғып, денсаулығына зиян келтірген. Сотталушы кінәсін толық мойындап, бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрады", – делінген сот хабарламасында.

И. есімді азамат ҚК-нің 252-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, күзет саласында лауазымды қызмет атқару құқығынан 2 жыл мерзімге айырыла отырып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Еске салайық, бұған дейін желіде жасөспірімді "тәрбиелеймін" деп аяусыз ұрған шымкенттіктің видеосы таралғанын жазған едік. Еүзетшіге немесе полицейге ұқсайтын ер адам жасөспірімді ұстап алып, ұрсып, ағашпен бірнеше рет ұрған. 

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды