Бүгін елімізде үсік жүріп, шаңды дауыл тұрады

17.09.2024, 09:15
1190
Бүгін елімізде үсік жүріп, шаңды дауыл тұрады ашық дереккөзден

Қазгидромет болжамынша ауа температурасы 4 градусқа дейін төмендейді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 17 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республика бойынша ортақ табиғи құбылыс - желдің екпін алуы, оңтүстікте шаңды дауыл болады. Солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Абай обысының шығысында, орталығында, Шығыс Қазақстан облысында, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облысында, Қостанай, Қарағанды, Ақмола облыстарының солтүстігі мен шығысында, Жетісу облысының таулы аудандарында сынап бағаны 1-4 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі.

Гидрометорталықтың деректері бойынша, Ақтөбе, Ұлытау облыстарында, Жетісу өңірінің батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Қызылорда өңірінің солтүстік-шығысында, солтүстік-батысында, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Қарағанды өңірінің батысында, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды өңірінің шығысында, Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Абай өңірінің оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, Ақтөбе өңірінің оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды