HONOR компаниясы IFA 2024 көрмесінде 39 марапатқа ие болды

17.09.2024, 10:29
1732
HONOR компаниясы IFA 2024 көрмесінде 39 марапатқа ие болды HONOR

HONOR жаһандық технологиялық бренді алдыңғы қатарлы технологияларды көрсетуге арналған ең ірі алаңдардың бірі — IFA халықаралық көрмесінде өз көшбасшылығын тағы да растады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, осы жылы компания жоғары танымалдылыққа ие болып, HONOR компаниясына 39 беделді «Best of IFA» марапатын алып келген инновациялық құрылғылар сериясын ұсынды.

Басты жаңашылдықтардың бірі ретінде қалыңдығы жайылған күйінде небәрі 9,2 мм болатын, ультра жұқа дизайнымен ерекшеленетін HONOR Magic V3 бүктемелі смартфоны болды. HONOR MagicBook Art 14 ноутбугі сапалы суреттерге қол жеткізіп қана қоймай, сондай-ақ құпиялылыққа да кепілдік беретін бірегей алынбалы камерасымен назарға ілікті камераны пайдаланбаған кезде ажыратып тастауға болады. 12,3 дюймдік OLED дисплейі, кеңістіктегі дыбысы және көзді қорғау технологиясы бар HONOR MagicPad 2 планшеті озық мультимедиялық тәжірибені ұсынады. Бұл құрылғылар HONOR компаниясының пайдаланушыға бағдарланған инновацияларға ұмтылысын бейнелейді және брендтің әрбір өнім санатында алдыңғы қатарлы технологиялар мен эстетиканы үйлестіруге бейілділігін айқын көрсетеді.

IFA 2024 шеңберінде әлемдік аренадағы HONOR Magic V3 смартфонының таныстырылымы жетекші техносарапшылар арасында үлкен дүрлікпе тудырды.

Беделді TechRadar басылымы құрылғыны «Best of IFA 2024» марапатымен атап өтіп, «Қолыңызда ұстағанда, оның қаншалықты жұқа екендігін сезіну әбден таңғалдырады» деп қосты. 

Trusted Reviews редакциясы да құрылғының 9,2 мм-лік бірегей қалыңдығына таңданып: «Бұл қолымызда ұстап көрген ең жұқабүктемелі смартфондардың бірі, және де бұл шынында керемет сезіледі» депмәлімдеді. Android Authority сервисі Magic V3 смартфоны бүктемелі құрылғыларнарығындағы ойын ережелерін өзгерте алатынын атап өтті: «HONOR Magic V3 әлемдегі ең жұқа бүктемелі смартфон».

Жетекші IT басылымдарының таңырқанды пікірлері HONOR компаниясының бүктемелі құрылғылар сегментіндегі жетістігін растайды, Magic V3 смартфоны флагмандармен сенімдітүрде бәсекелесе отырып, дизайн мен функционалдылықтың жаңастандарттарын белгілейді.

HONOR MagicBook Art 14 ноутбугі де IFA 2024 көрмесінде ерекше назар аударды. XDA Developers қауымдастығы дисплей сапасы мен инновациялық алынбалы камераның жарасымды үйлесімін атап өтіп, бұл идеяны «қарапайым болғанымен, заманауи компаниялардың әзірлемелерінде көргіміз келетін кемеңгерлі ой» деп атады. Yanko Design журналы да ноутбуктің озық дизайнынан әсерленіп, «HONOR компаниясы Apple компаниясының MacBook экранындағы ойынды мәселесінің тамаша шешімін тапты» деп сөз етті. Бұл пікірлер MagicBook Art 14 ноутбугін ультра жеңіл ноутбуктердің бәсекелі нарығында көшбасшы қатарына шығара отырып, HONOR компаниясының инновацияға ұмтылысын атап көрсетеді.

HONOR MagicPad 2 планшеті көрнекті аудиовизуалдық мүмкіндіктері мен көздіқорғаудың озық технологиялары үшін бағаланды.

Android Headlines компаниясы оны «нарықтағы ең қуатты Android планшеті» деп атады, әрі оның өнімділігімен бейнелеу сапасына аса назар аударды. Өз кезегінде, Les Numeriquesкомпаниясы «HONOR MagicPad 2 өнімділікті едәуір арттыратын жоғарысанатты жасанды интеллект планшеті» екенін атап өтті.

IFA көрмесі алдыңғы қатарлы технологиялар мен жаңашылдықтарды көрсетуге арналған ең елеулі платформалардың бірі болып қала береді. Жыл сайын HONOR компаниясы жаңа стандарттар орната отырып және технологиялық әлемнің болашағын қалыптастыра отырып, индустрияға елеулі әсер ететін революциялық құрылғыларды ұсынады.

Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады «Судья тіке қарай алмады»: Шымкентте сотты «дуалады» деген балгер тергеліп жатыр «Бір сәтте мені қаралап, үміт үздірді»: Қаржаубай Айтбек Амангелдімен не үшін байланыс үзгенін айтты Алматыда жындыханадан қашқан ер адам іздестіріліп жатыр Трамп Иранға соққы беруді мақұлдады Талдықорған тұрғынының үйінен екі басты жылан табылды Атырау тұрғындары тұрмысы төмен жандар үшін далаға тоңазытқыш орнатты «Желідегі парақшалары тексеріледі»: Гарвард қазақ студенттерін оқытуды жалғастырады Ақтөбе облысында қоқыс шұңқырына құлаған 9 жасар қыз бен ер адам қайтыс болды Назарбаев Университетінің студенті жатақхана бөлмесінде өлі күйінде табылды: Министр пікір білдірді Comic Con Astana 2025 Tekken 8 бойынша халықаралық турнир өтетін алаңға айналады Макрон Израильді Иранға шабуылдамауға шақырды Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты іс прокуратураға жіберілді «32 мың теңге шамасында»: Еңбек министрі өзінің зейнетақысын қанша көлемде болатынын айтты Хаменеи: АҚШ соғысқа араласса, өзі таяқ жейді Абай Бегейдің қызы мен күйеу баласы қамауға алынды «Бұл – қылмыс»: Иран зымыранмен Израильдегі аурухананы атқылады Бүгін өңірлерде аптап ыстық болады «Әділетті қоғам құруға тың серпін»: Қызылордада «Заң және Тәртіп» форумы өтті